Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия


«Жаратылыстану ең соңында адамзаттың құруына әкелуі



бет120/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

«Жаратылыстану ең соңында адамзаттың құруына әкелуі мүмкін», - дейді Кьеркогер. Ойшылдың бұл пікірін үстірт карамай терең ойласақ, расында да, бүгінгі таңда ғылым адамға көп жақсылық әкелгенін бәріміз де білеміз, сонымен қатар ядролық соғыс пен экологиялық апаттың мүмкіндігін адамзат жоя алмай отырғаны да - бүгінгі таңдағы ақикат.
Кьеркогердің ызасын келтіретін нәрсе - ол адамды объект ретінде қарап зерттеу, өйткені адам - рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен дененің бірлігі, жеме-жемге келгенде, ол -рух. Ойшыл рух - ойлаумен тең емес, олай болса, ол қисынның заңдарына тәуелді емес деген пікірге келеді. Сондықтан философияның негізгі мәселесіне нақтылы адамның өмір сүруі, оның өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі жатуы керек. Егер Сократ дүниені түсіну үшін ең алдымен «өзіңді тани біл» деген болса, Кьеркогер тек қана адамның ішкі өмірін танумен қанағаттанып, сыртқы дүниені, болмысты танудан үзілді-кесілді бас тартады. «Шындық, сыртқы өмір бар ма?» - деген сұраққа ол теріс жауап береді. «Шындық - ол ішкі дүние (innerlichkeit), Меннің өз Меніне деген қатынасы». Адамның ішкі өмірі объект болмағаннан кейін танылмайды, оны тек қана тебірентуге ғана болады. Сондықтан Кьеркогер адамның ішкі өмірін бейнелейтін жаңа категорияларды философияға еңгізеді. Олар: өмір сүру, үрей, сәт, өту, секіру, шешім, шектелген мен шексіздік, мүмкіндік пен шындық, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә мен күнә, қайта туу т.с.с. Кьеркогердің ойынша, бұл ұғымдар арқылы жеке адамның қайталанбас тебіреністерін беруге болады.
Өмір сүру дегеніміз - ол тебірену, зардап шегіп, соның шеңберінен шығуға бағытталған адамның іңкәрі. Өмір сүру адамның алдындағы мүмкіндіктердің біреуін ерікті түрде таңдап алып, өзінің қайталанбайтын ерекше болмысын іске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөліну. Өмір сүру дегеніміз - ішкі шектелген мен шексіздіктің арасындағы таңдау, соған байланысты үрей, шешім және секіріс. Кьеркогердің ойынша, шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол тұлғаның ерікті таңдауымен байланысты. Ал секірістің өзі Гегельдің айтып кеткен ұғымынан өзгеше - ол ешкандай дәнекерлікті талап етпейді, ол - зерденің шеңберінен шығып кететін рухтың іс-әрекеті.
Жоғарыда байқағанымыздай, Кьеркогердің өмір сүру диалектикасы философиядағы жалпы ұғымдардың өзара байланысы мен бір-біріне өтуінен анағұрлым алшақ жатыр. Мұнда біз тек адамның жан-дүниесінің тебіренісін көрсететін «сезімдік ұғымдарды» байкаймыз.
Адам өміріндегі негізгі сұрақтар: қалай өмір сүру, не болу керек, не нәрсеге ұмтылу қажет? Осы сұрақтарға жауап беру ретінде Кьеркогердің экзистенциалдық диалектикасы адам өмірінің үш сатысын суреттейді. Олар - эстетикалық, этикалык және діни сатылар.
Адам өмірінің бірінші эстетикалық сатысында тікелей сезімдік өмір салты қалыптасады. Эстетикалықты Кьеркогер кең түрде Канттың түсінігіне сәйкес ақыл-ойдан бөлек сезімдік қабыл-дау мен ләззат алу ретінде көрсетеді. Қоғамдағы көпшілік осы сатының шеңберінде өмір сүреді. Ол дене әсемдігіне құмарту (эротика), парықсыздық, бір көргендегі сезімдік әсердің негізінде кездейсоқ байланыстарға түсу, қоғамдағы үлгіге (модаға) айналған нәрселерге ынтық болу, әрбір күн мен сағаттан, әрбір сәттен ләззат алуға тырысу. Бұл сатының ұраны: carpe diem, carpe horam! (әрбір күн мен сағаттан ләззат ал!). Бұл өмір салты адамды өзінің сезімдері мен құмартуы, ындынының құрсауынан шығармайды.
Эстетикалық сатыдағы адам уақыттың өзін ерекше түрде бағалайды. Ол ләззат алатын әрбір сәтке бәрін беруге дайын, бірақ келесі сезімдік ләззат бұрынғыдан басқаша, нәзік те өткір болуы керек. Өмірдегі біркелкілік, қайталанушылық — эстетикалық өмір салтының қас жауы. Егер Дон-Жуан мейлінше көп сұлу әйелдерден эротикалық жыныстық жеңіске жетуге тырысса, Иоан - нәпсіқұмар әртүрлі нәзік те өткір ләззат алуға ұмтылады. Бірақ күндер мен жылдар өткен сайын эстетикалық өмір салты сарқыла бастайды -қайталанбайтын қайталанады, өткір сезім мұқалып, өңі кетеді, ләззат қуудың жалғандығы айқын көріне бастайды, жалғыздық сезім, өмірге көңілдің толмаушылығы дүниеге келіп, тіпті одан күдер үзуге әкеледі. Ақырында дағдарыстағы тұлғаның алдында екі таңдау жолы пайда болады: біріншісі - сол бұрынғы сатыда қалып өмірден түңілу; екіншісі — одан аттап өтіп, келесі сатыға көтерілу.
Келесі өмір сатысы — этикалық. Егер эстетикалык өмір салты ләззат алуға бағытталған болса, этикалық сатыда адам ізгілік жолына түсіп, қоғам алдындағы парызды орындау соның кепіліне айналады. Эстетикалык өмір салтында адам өз-өзін қанағаттандырса, этикалық сатыда жалпылықты іске асыруға тырысады. Осы арада үлкен қайшылыктар пайда болады - адамның ішкі өзіндік сезімдері оны бір жаққа жетелесе, қоғамдағы этикалық нормалардың талаптары оны екінші жакка сілтейді. Парыз талаптарына сай келуге тырысып, адам біржақты, сезімі сарқылған, машинаға ұқсас пендеге айналады. Бұл бағыт барған сайын тереңдей түсіп, кайғылы қайшылықтарға әкеледі, өйткені уақыттан тәуелсіз моральдық сана өтпелі адамның сезімдік іңкәрінен өзінін іргетасын, тұрақтылығын таба алмайды. Адам моральдық жағынан алып қарағанда өз-өзіне жеткілікті пенде бола алмады. Кьеркогер оның себебін, Августин сияқты, адамның туа күнәлігінен көреді.
Бұл арада «әлде-әлде» принципі таңдау мәселесін шешпейді, өйткені екі сатының да үлкен кемшіліктері бар, сондықтан «ол да емес, бұл да емес» деген тұжырымға өмір диалектикасы әкеледі. Олай болса, адам үшінші соңғы, сатыға өту шешіміне келіп трагикалык секірістен өтеді. Бүл саты діни шеңберде өтпек. Кьеркогер өз заманындағы адамдарға ренжіп, олар ғылыми танымның кереметтігіне сеніп, адамның өмір сүруі мен ішкі рухани тебіреністерінен пайда болатын мәселелерді ұмыт калдырғаны жөнінде айтады. Тек кана діни сатыға көтерілген адам ғана ол мәселелерді өзінің өмірінің негізіне айналдырады. Адам күнәлі пенде ретінде өзінің кінәсін мойындап, Құдайдың өзімен сұхбатка түсіп, өз-өзін табады. Ал мұның өзі үлкен зардап шегу арқылы келмек.
Діни сатыны айкын суреттейтін - Библиядағы Авраамның бейнесі. Ол Құдайға сенуінің кепілі ретінде өзінен туған сүйікті жалғыз баласын қүрбандыққа шалуға дайын. «Үрей мен қалтырау» деген еңбегінде Кьеркогер осы Библияның сюжетін толығынан егжей-тегжей талдап, діни және этикалық сатылардың арасындағы шешілмейтін терең қайшылықтарды көрсетеді. Расында да, моральдық жолмен талдағанда, Авраамның ісі адамгершіліктен өте алшак, ол моральдық парызды ғана бұзып койған жоқ, үлкен кешірілмейтін қылмысқа шейін баруға дайын. Авраам мен Сократтың ниеттерінің арасындағы қашыктык - шексіз. Сократ у ішіп, өзінің өмірін моральдық принципті орындау жолында қияды. Ал Авраамға келер болсақ, ол Құдайдың әмірін орындау жолында, соған сенгендіктің кепілі ретінде, өз туған баласын бауыздап, содан пайда болатын бүкіл ауыр моральдық жүкті, күнә мен кінәні мойнына алуға дайын. Мұндай өте қиын қайшылықтар өмірдің парадокстарын тудырады. Сонымен «парадокс» ұғымы Кьеркогердің өмір суру диалектикасының негізгі категорияларының біреуіне айналады. Парадокс дегеніміз — адамның ішкі өмірінің қайшылығынан шығатын өмір сүру зардабы. Егер эстетикалык өмір сатысының негізгі категория-сы - ләззат алу, этикалык сатыда - парыз болатын болса, діни сатыда ол - зардап шегумен тең. Адам - зардап шегуге жаратылған пенде. Өмір - зардапқа толы. Өмір сүру дегеніміз - зардап шегу.
- Әрине, адамның бұл өмірде зардап шегуі - сонау көне заманнан осы уақытқа шейін талданып келе жатқан мәселелердің бірі. Бірақ Кьеркогер оны өте өткірлеп күшейтеді. Оның ойынша, зардап шегу тек өмірдің өзінен шығып қана қоймайды, ол -қажетті, керек қылатын нәрсе. Егер біз зардап шегуді мойындап қана қоймай, сонымен қатар оны сүйетін болсақ, сонда ғана біз өмір сүру деңгейімізде бақытсыздықтан биіктеп, бакыттың өзінен асып түсеміз, - дейді ұлы ойшыл. Олай болса, адам өзінің өмірін жеңілдетіп, зардап шегуден қашудың орнына, оны, керісінше, ауырлату, күрделендіру қажет - сонда ғана біз бақытсыздық пен бақыттылықты аттап өтіп, олардың арасындағы қайшылықты жоя аламыз. Әрине, Кьеркогердің бұл идеялары христиан дінінің ғасырлар бойы уағыздаған қағидаларына қарсы келді. Соңғылар дүниедегі зұлымдық, әділетсіздік, зардап шегу - Құдайдың алғашқы көрсеткен дұрыс жолынан адамның ауытқуынан шықты, ал жаратылған бұл дүние жалпы алғанда мінсіз деген пікірде болса, Кьеркогер осы дүниенің зұлымдық пен зардапқа толы екендігін айтады. Бірақ ол үшін біз Құдайды сынаудан алшак болуымыз қажет. Құдайға сену ешқандай оған күмәндануды қажет етпейді. Сенім дегеніміз - парадокс, ол жекелікті жалпылықтан, жердегіні аспаннан, өтпеліні мәңгіліктен, жеке сенімді моральдық қағидалардан жоғары ұстауды талап етеді. Сенім - жеке адам таңдауының ісі, еріктің шешімі, секіріс, тәуекелдік, ғажайып, абсурд. Тертулианның уақытында айтқан «Credo, quia absurdum est» (сенемін, ақыл-ойға сыймағаннан кейін) деген нақыл сөзін Кьеркогер өзінің шығармашылық еңбегінде ғана емес, сонымен қатар өзінің өмірімен дәлелдеген сиякты - ол Авраам сияқты өзінін Регина Ольсенге деген махаббатын Құдайға сенудін жолында құрбандыққа шалды. Тертуллианның өзі де мұндай шәкіртім болады деп ешқашанда армандамаған болар.
Өз уақытында бағаланбай ұмыт болған ойшыл XX ғ. шарықтаған даңққа ие болды. Ал оның себебін біз келесі тараудағы кіріспе сөзімізде айтатын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет