§ 2. С. Кьеркогердін философиясы Серен Кьеркогер (18ТЗ-1855 жж.) - өз заманында бағаланбаған, жалғыздыктың зардабын толығынан басынан өткізген, бүкіл өмірін жеке тұлғаның ішкі рухани өмірінің кайталанбас жақтарын, оның Құдаймен тікелей байланысын көрсеткісі келген Дания елінен шыққан діни философ. Оның философиялық көзқарасы мен жалпы дүниесезімінің қалыптасуына әкесінің діни дүниесезімі мен біздің отбасымызға Құдай қарғысын атты деген жалған пікірі үлкен әсерін тигізді. Жас Кьеркогер әлсіз болып, неше түрлі аурулардан шыкпай өсті, бұл жағдай да оның дүниесезіміне өз әсерін тигізсе керек. Ең соңында, ол 1841 ж. белгісіз себептерге байланысты өзінің терең махаббаты Регина Ольсен деген қыздан үйленерінің алдында бас тартады. Осыдан кейін ол толығынан діни сезімге беріліп, әкесінен қалған үлкен үйде жазушылық ісімен айналысып, қалада жұрттың көзіне өте сирек түседі, әкесінен қалған барлық каражатты өзінің жазған көп шығармаларын жарыкка шығаруға жұмсайды. Негізгі еңбектері: «Әлде-әлде», «Үрей мен қалтырау, Диалектикалық лирика», «Ажалға бастайтын ауру, қайта туу мен оянуға бағытталған христиандық-психологиялық тебіреністер» т.с.с. Жалпы алғанда, өзінің қыска өмірінің шеңберінде бұл кісі 28 томдық еңбектерді тудырған, соның ішінде 14 томы - оның күнделіктері. Өз заманында атағы шықпаған философ XX ғ. үлкен құрметке бөленеді, оның шығармашылығына арналған мыңдаған зерттеулер жарық көреді. 1948 ж. бері Копенгаген қаласында «Кьеркогериана» деген осы ойшылдың көзқарасын зерттеуге арналған журнал шығады.
Өзінің шығармашылық жолының басында Кьеркогер кайсыбір философиялық жүйені жасаудан бас тартып, соңғының ең биік шыңы — Гегельдін философиясын қатты сынға алады. Өйткені оның философиясында рационализм өзінің шегіне жетіп панлогистік дәрежеге көтерілді (pan - грек сөзі, бәрі де, logos, - ақыл-ой). Гегельдің ойынша, болмыс, — ойлаумен тең, ақыл-ойдың шеңберінен шығатынның бәрі де ақиқатты емес, Ғарышта өжетті танымның аша алмайтын ешқандай сиқыры болмақ емес.
Кьеркогер мұндай көзқарасқа үзілді-кесілді қарсы шығады, өйткені болмысты жүйелеу мүмкін емес. Қайсыбір жүйе — аяқталғандықпен тең, ал болмыс өне бойы өзгерісте. Екінші жағынан, Гегель тұлғаны объективті нақтылы-тарихи шеңбердің ішіне қойып түсінеді, яғни жеке тұлғаның өзіндік кайталанбайтын тек соған ғана тэн өмірі, оның еркі тарихтың кадамының астында көміледі. Сондықтан ол Гегельдің объективтік диалектикасына өзінің субъективті, жеке тұлғаның өмір сүру (экзистенциалдық) диалектикасын қарсы қояды. Оның ойынша, қайсыбір дүние жөніндегі жаратылыстануға негізделген ғылыми көзқарас - зұлымдықтың нышаны.