Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет118/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Эстетикалық аңдауға келер болсақ, Шопенгауер Канттың айтып кеткен пікірін қолдап, оның риясыздығына аса көп көңіл бөледі - онда ешқандай өзімшілдік сезім, я болмаса пайдақорлық ойлар, мүдделер болмауы керек. Өнерді игерудің негізгі мақсаты-адамның жан-дуниесін өзімшілдіктен шығатын зардаптан құтқарып, оны тыныштықка бөлеу. Өнердің түрлерін талдай келе, Шопенгауер мүсін мен сурет - кеңістіктің, ал әуен мен поэзия - уақыттың шеңберінде ғана өмір сүре алады дейді. Бұлардың бәрі де өз мүмкіндігінше әлемдік Ерікті сипаттайды, бірақ әуеннен терең өнердің түрі жок. Өйткені әуенде оны шығарушы, орындаушы мен тыңдаушының арасындағы айырмашылық мүлдем азаяды. Өзінің ең биік жетістіктерінде әуен әлемдік Ерікті ақылмен тусіндірілмейтін құпия жолмен біздің жан-тәнімізге сезіндіреді. Әрине, Шопенгауердің бұл ойлары Шеллингтің көзқарасына жақын екенін байқауға болады. Тек Шеллинг әуенді, әсіресе оның симфониялық түрін, Абсолютке жетудің жолы деп есептеген болатын. Ал Шопенгауердің дүниесезіміне трагикалық музыка (реквием сияқты) жақынырақ болды - тек қана осы әуендер адам болмысының қайғылылығын, трагедиясын жете сезіндіре алады.
Әлемдік Ерікпен күрестің екінші жолы - этикалық. Егер дүниедегі барлық зардаптың түп-тамыры Ерікке барып тірелсе, оны жою моральдық жағынан алып карағанда - ақталатын нәрсе. Ал адам саналы пенде ретінде өз ішіндегі ерікті жою арқылы әлеуметтік Ерікті тарата алады. Ол үшін Шопенгауер адамдарға «категорикалық императив» (үзілді-кесілді талап) ұсынады: «өзіңе қалайтынның бәрінен де бас тартып, қаламайтыныңды жаса». Бір қарағанда, ол ақылға сыймайтын нәрсе сияқты. Бірақ оның негізінде жатқан мағына мынада: ол - адамның өмірге деген қызығушылығын, соған бағытталған еркін сөндіру. Ол үшін адам аскетикалық өмір салтын ұстап, басқалардың зардабын бөлісіп, өзінің жан-дүниесінде ешқандай да өзімшілдіктін жұрнағын қалдырмай құртуы керек. Сонда ғана адам өмірге деген қызығушылықтан толығынан арылып, өзі сияқты жердегі бақытқа жетуден бас тартқан адамдармен бірігіп, басқа адамдардың зардабын, қайғысын жеңілдетуге тырысады. Бұл көзқарас үнді халқының тудырған «нирвана», көне Грек философтарының «атараксия» деген ұғымдарына өте жақын.
Әрине, Шопенгауердің дүниеге деген көзкарасында өз заманының көп теріс жактары әшкереленген. Бугінгі таңда адамзат ол кайшылықтардың бәрін шешті деп айта алмаймыз. Керісінше. Шопенгауердін көрсеткен теріс кұбылыстары етек жайып, әрі қарай бара жатқанға ұксайды. XX ғ. адамзаттың қолы жеткен ғажап жетістіктерінің негізінде пайда болған болашақ жөніндегі романтикалық көзқарастар бүгінгі XXI ғ. басында тек қана ауыр күрсіну пен өкініштен басқа еш сезім тудырмайды. Жақында ғана Үндістан мен Пәкістан елінің арасындағы кайшылықтар ядролық қарудын қолданылуына әкелуі мүмкін деген үрейді тудырып, қоғамдық ахуалды дүр сілкіндірді. Жер бетіндегі экологиялық жағдай бірте-бірте өршіп, жыл сайын ғаламдық дағдарысқа қарай әкеле жатыр. Уақытында неміс халқының заңды түрде берген дауысын алып, билікке келген Гитлер адамзатты қандай қантөгіске әкелгенін оқырман жақсы біледі. Бірақ бул трагедиядан адамзат сабак алды ма? Өкінішке қарай, «Жоқ», деп жауап беруге тура келеді, өйткені бүгінгі таңда байлығымен масаттанған біршама Батыс елдерінде ұлтшылдық қозғалыстар тағы да бой көтеріп, басқа елдерден келген адамдарға қысымшылық жасалуда. Расында да, Шопенгауер айтқандай, тарихтағы трагикалық қателіктер тағысынтағы қайталана береді!!! Адамзаттың моральдык-адамгершілік тоқырауына қарап, оның аспанға, тазалыққа тартатын рухынан гөрі, дене қажеттіктері, күңгірт инстинктері, ләззат алуға деген еркі басым ба деген ой келеді. Бұл айтылған ойлар мен толғаныстар Шопенгауердің қозғаған көп мәселелерінің бүгінгі таңдағы өзектілігін көрсетеді.
Сонымен қатар Шопенгауердің «ғарыштық пессимизміне» толығынан қосылуға болмайды. Әсіресе оның философиясының негізінде жатқан кағидасына. Расында да, егер бұл Дүниені тудырған бейсаналық ессіз Ерік болатын болса, онда бүл дүниенің неге заңдылықтары, қисыны, тәртібі бар? Егер адамдар осы орасан зор шексіз ғарыштың туындысы болса, олар өз көлемі мұхиттың ішіндегі бір тамшыдай бола тұрып, оны қалайша тарата алады? Мұндай сұрактардың санын әлде де көбейте беруге болар еді. Ал олардың бәрі де Шопенгауердің философиясының негізінде жатқан кағидалардың әлсіздігін, жалғандығын көрсетеді.
Ал енді адам тағдыры мен өміріне келер болсақ, әрине, Homo Sapiens - ғарыштың ғажап туындысы, «Ұлы мәртебелі Табиғаттың» тудырған ең әсем гүлі, ол адам арқылы өз-өзін сезініп, түсіну дәрежесіне көтеріледі. Бұкіл Дүниені шырмап жаткан қайшылықтар адам жүрегінен де өтеді. Бұл Дүниеге келген адам өз өмірінің шеңберінде жақсылық пен жамандықтың да дәмін татады, көпшілік жағдайда, өкінішке қарай, зардаптың салмағы бақытты өмірден гөрі басымырақ болады, әсіресе бүгінгі жағдайдағы сияқты өтпелі дәуірлерде өмір салты, рухани құндылықтар кайта қаралып жатқан кезде көп қиындыктарды бастан өткізуге тура келеді. Ал бұлардың өзі, Шопенгауердің айтканындай, өмірден бас тартуға әкелуі керек пе?! Әрине, жок. Есі дұрыс адам өмірді бағалап, оның кызығына тоймайды, ол - бізге берілген ең кұнды, бағасы жоқ сый. Өмірдегі зұлымдықтың түп-тамыры толыққанды өмірге бірдеңенің жетіспей тұрғандығынан шығады. Ұлы Гегель айтқандай, бұл дүние - өзінің үғымына толығынан сәйкес келмейтін бірдеңе. Бірак соның арқасында өмір, талпыныс, жетілуге деген кұмар бар. Бақыт дегеннің өзі адамның алдына қойған мақсаттарын іске асырып, өзінің арнасынан шығып тасуымен байланысты болса керек. Бірақ өзеннің көктемдегі тасып, содан кейін өз арнасына кайтып оралғаны сияқты, орындалған арман келесі сатыда адамның алдына жаңа мақсат-мұраттарды әкеліп, тағы да оның талпынысың тудырады, осы жолда ол тағы да каншама ізденіс, қиындықтар, зардапты өз басынан өткізеді десеңізші?! Бүгінгі өтпелі қоғамда орасан зор қиындықтарға қарамастан, қаншама адамдар өзінің белсенді іс-қимылдары аркылы жаңа өмірден өз орнын тауып жатыр! Бүгінгі қиындықтармен қатар, өмір біздің алдымызға бұрын-соңды тарихымызда болмаған мүмкіндіктерді тудырып отыр. Оларды іске асыру үшін талпыныс, жақсы оқып білім алу, өмірді шығармашылық тұрғысынан игеру, қиындықтарды жеңе білу қажет. Өмір деген - өнер. Олай болса, күнбе-күнгі қарапайым қиын өмірдің өзінен куанышты, танғаларлық нәрселерді, ізгілік пен әсемдікті, махаббат пен нәзіктікті іздеп тауып, содан нәр алып, өзіңді бакыттымын деп сезінуге болады. Тек оған ұмтылу, оны қалау қажет.
Қорыта келе, Шопенгауердің философия тарихында өз орны бар ұлы тұлға екенін айтып өтуіміз керек. Ол болашақ XX ғ. пайда болатын көп қайшылықтарды, әсіресе адам өмірі мен тағдырына байланысты көп ойларды көтеріп, болашақ ғасырда ықпалды «өмір философиясы» аталған ағымның негізін қалап кетті. Олардың бәрін біз келесі тарауда талдаймыз. Онын алдында тағы да XX ғ. философияға өзінің зор әсерін тигізген тұлға - дат философы С.Кьеркогердің шығармашылық еңбегіне тоқталсақ дейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет