Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия


XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы



бет160/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы


XX ғ. ғылыми-техникалың революция, соның негізінде пайда болған орасан-зор өндіргіш күштер, мемлекеттер арасындағы экономиқалық, мәдени, саяси қатынастардың күрт өсуі Шығыс елдерінің ахуалын «батыстандыра» бастады. Шығыс елдері заманның қойған талабына сәйкес келетін жауаптар іздей бастайды. Бір жағынан, әрине, олар өздерінің өндіргіш күштерін Батыстың дамыған елдеріндегідей қылып дамытып, халықтарының өмір суру деңгейін өсіргілері келеді. Екінші жағынан, Батыстың елдеріндегі рухани тоқыраушылық оларды үрейлендіріп, мыңдаған жылдардағы жиналған мәдениет құндылықтарына, өмір салтына, әдет-ғұрпына соққы тигізе ме деген алаңдаушылықты тудырады.
Сонымен, бір жағынан, сыртқы ықпал, екінші жағынан, ұлттық-мәдени мұраны сақтап қалу мәселесі Шығыс елдеріндегі рухани өмірде, негізінен, үш ағымды тудырды.
1. Кертартпа ағымдағы күштер (регрессизм) ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды сақтап қалу қажет, Батыстан келгеннің бәрі - шайтандық нәрселер деген пікір айтады. Батыстың ықпалына қарсы тұратын ең күшті құрал - ол дін. Сондықтан Ислам діні тараған біршама Шығыс елдерінде «діни фундаментализм» (ірге-тастық) кең етек алып, онда неше түрлі экстремистік саяси қозғалыстар қоғам өмірінде кең орын алып отырғаны бүгінгі таңда құпия нәрсе емес. Жалпы алғанда, оның түп-тамырын Батыс жолымен қоғамды модернизациялауға (жаңартуға) бағытталған саясаттан шығатын қайшылықтардың нәтижесі деп байланыстырсақ та болады.
Бұл бағыттағы ойшылдардың ойынша, «тағдыр - алдын ала анықталған», әлеуметтік өрлеу дегеніміз - жалған, алдайтын нәрсе. Адамның негізгі мақсаты - әлеуметтік дамудың биік сатысына көтерілу емес, қарманы (туа біткен тағдырды) тазартып, келесі түп келгенде бұрынғыдан жоғарырақ, таза рухқа ие болу. Осындай көзқарастарды тарататын саяси-діни ұйымдар «Джан-Сингх», «РСС» (Индияда), Джамағаат -и- ислами (Пәкістан, Ауғанстанда) т.с.с. Бұлардың бәрі де дінді «таза ұстауға», тек қана құранның негізінде өмір сүруге шақырады, «Құран - біздің конституция» деген ұран көтереді. Олардың ойынша, мемлекетті Имам (қоғамның діни басшысы) шариғаттың негізінде басқаруы керек, ал барлық қайшылықтарды шешетін діни сотшы - қади болуы қа-жет. Жер бетіндегі бүкіл халықтардың арманы - теңдік пен әділеттілік тек қана саясат пен дін бір-біріне қосылғанда ғана келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет