Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия


Адамзат Тарихының жаңа мән-мағынасы -



бет44/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Адамзат Тарихының жаңа мән-мағынасы - соңғы ерекшеліктердің бірі.
Гректердің ойынша, тарих Ғарыштың тағдырымен тығыз байланысты. Ғарыш оттан пайда болып, дүниежүзілік өртте құриды да, тағы жаңа Дүние келеді. Ол тағы да өртте құрып, тағы да жаңарады.
Ал жаңа Дүниеге келген көзкарастың шеңберінде тарих қайталанбайды, ол өзінің соңына бара жатыр. Уақыттың соңы сонымен қатар жаратылған Дүниенің сарқылуымен тең. Соңғы сот -Құдайдың патшалығының толыққанды келуіне тең.
Орта ғасырдағы алғашқы діни философтар
Александриядан шыққан Филон (1 ғасырда өмір сүрген) Грек философиясындағы кейбір ұғымдарды Христиан дінінде пайдаланып, христиандық діни философияның негізін қалайды.
Филонның айтуынша, Библияны екі түрде оқуға болады: бірінші - ондағы жазылғанды тікелей түсіну; екінші -- ондағы сөздермен көмкерілген астыртын жатқан метафизикалық, моральдық, рухани мән-мағынаны ашу.
Ол ақиқаттарға жету үшін адам жан дүниесі ерекше жағдайда болуы керек. Филон Грек философиясына беймәлім «Жарату» ұғымын кіргізеді. Құдай Дүниені жоқтан жаратты. Бірақ материалдық Дүниеден ерте ол «интеллигибелдік Дүниені», яғни «идеялар әлемін» тудырды. Оны ол гректердің «Логос» ұғымы арқылы береді. Сонымен Логос - Құдайдың ойы, сөзі, сол арқылы Дүние өмірге келеді.
Филонның айтуынша, Құдайдың екі потенциясы бар: біріншісі - жаратушылық, екіншісі - басқарушылық (жаратылған дүниені).
Адам мәселесін де Филон жаңаша көзбен карайды. Ол адамның хайуандық жағы - дене; 2 - жан, ақыл-ой; 3 - рух - Құдайдан пайда болған. Олай болса, адамның жаны табиғаттан шыққаннан кейін құрып кетуі де ғажап емес. Бірақ ол рухпен бірге өмір сүрсе, онда өлместік дәрежесіне көтерілуі мүмкін.
Сондықган адам Ғарышты танудан гөрі, ең алдымен өзінің ішкі өмірін тануға тырысуы керек. Адам өзін танып - біліп, сыртқа серпіліс жасаған кезде, өзінің толығынан бишара екендігін мойындайды. Тек қана өзінің пенделігінен өтіп, жаратылмаған мәңгілік Құдаймен байланысқа түссе ғана масайрайды.
Гностиктер ілімі
«Гносис» деген грек сезі «тану-білу» мағынасын береді. Алайда бұл сөзбен біздің дәуірдің басында өмір сүрген, ақыл-оймен танудан гөрі, мистикалық, (құпия) жолмен Дүниенің сырын ашуға болатынына сенген діни сектаны айтамыз.
Гностикалық ағым Құдайды және адамды құтқаруға арналған. Оған мынандай сұрақтар кіреді:

  1. Біз кім едік, енді не болдық?

  2. Біз қайда болып едік, енді қайда қуылдык?

  3. Енді қайда болғымыз, неден кұтылғымыз келеді?

  4. Туу және, қайта туу дегеніміз не?

Гностикалық тәжірибеде қамығу мен алаңдау аркьшы сананың астары ашылып, сонда игілік пен зұлымдыктың бір-бірімен ымыраласпайтыны анықталады. Адам өзінің жаратылысы бойынша игілікке жаратылған. Өйткені ол зұлымдықтан зардап шегеді, одан аулақ жүргісі келеді. Ал бұның өзі адамның басқа Дүниеден шыққанын және сол Дүниеге қайтып оралуы керек екенін көрсетеді.
Ол үшін адам өз-өзін терең танып-білуі керек. Бұл кайта оралуда Құтқарушы - Иса пайғамбар көмектеседі.
Гностиктер адамдарды үшке бөледі:

  1. пневматикалық адамдар, олардың рухы басым; (рnеvmа -
    грек сөзі, алғашқыда - тыныс, соңында - рух);

  2. психикалық адамдар, олардың жаны псюхе басым
    (рsусһе - грек сөзі, жан);

  3. гиликалық адамдар (gіlе - грек сөзі, материя, зат) дене
    қажеттіктері басым.

Соңғылар өмірін өліммен бітіреді, біріншілер құтқарылады; екіншілер біріншілердің жолын қуса, құтқарылуы мүмкін, бірақ үшіншілердің ізімен жүрсе, Дүниеден мәңгі кетеді.
Гносиктердің айтуынша, бүл Дүние - зұлымдыққа толы, сондықтан оны Құдай жаратқан жоқ. Оны жаратқан Құдайға қарсы, арам пиғылды - Демиург.
Олар гностикалық ілім - Христостың өзінің ең жақын оқушыларына ашқан аяны, ол «Ізгі Хабардан» (Евангелие) бөлек деген пікір айтқан.
Әрине, мұндай гностикалық көзқарастар әлі христиан дінінің философиясы күш ала алмай, сонымен қатар ескі грек ілімдері, рухы әлі біршама өзінің рухани өмірге әсерін тигізіп жатқан кезде пайда болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет