Неоплатонизм (жаңа платонизм) ілімі
Осы кезде пайда болған жаңа ілім - неоплатонизм платонизмнің іліміне жаңа тыныс беріп, «идеялар әлемі» мен «жердегі әлемді», «Эманация» ұғымы арқылы қосты (еmаnаtіо - лат. сөзі-тасу, ағу, тарау). Ілімнің негізін қалаған - Плотин. Сатылы болмыстың ең биігінде Бір игілік ұғымы жатыр, оны ақыл-ой елегінен өткізуге болмайды, оған тек құдіретті экстаз жолымен ғана жетуге болады (ехіаsіs - грек сөзі, ерекше буырқану сатысына жетіп ақыл-ой елегінен тыс тікелей аңғару).
Бір игілік соншалықты жетілгендігінен арнасынан шығып, шалқып-тасып, эманациялайды (ағады). Сол себептен Дүниеге таза болмыс - ақыл (нус) әлемі келеді. Ол да шеңберінен шығып, жан-дүние (псюхе) әлемін тудырады.
Плотиннің жүйесінде дүниежүзілік ақыл-ой Платонның «идеялар әлеміне» тең келеді.
Жанға келер болсақ, дүниежүзілік ақыл-ой соншалықты жетілген әлем болғаннан кейін, басқаны тудырмай қоймайды, ол жан әлемін дүниеге әкеледі.
Ал жанның өзі барлық тіршілікті Дүниеге әкеледі, жердегі, судағы, аспандағы ма – бәрі дүниежүзілік жанның туындылары. Аспан пен күнді де тудырған - сол жан. Сонымен жан-дүние материяны жарып өтіп, оған мән-мағына, құндық, әсемдік береді. «Жан-дүниесіз материя - күңгірт тұңғиық, өлі, мүлде бейболмыс, одан Құдайлардың өздері де корқады», - дейді Плотин.
Қорыта келе, біз неоплатонизм ағымының философиялық ой елегінен гөрі діни шеңберіне қарай жылжып бара жатқанын байқаймыз. Эманация жөніндегі ой-пікір - осы дінге карай козғалыстың айғағы.
§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі.
(раtrіs - лат. сөзі, - әке).
Патристикалық философияның негізгі мақсаты христиан дінінің қағидаларын белгілі бір жүйеге келтіріп, оған философиялық тірек жасауда болды. Ертедегі Грек философиясындағы ерікті ой елегі патристикада аян идеясына келіп тіреледі. Яғни философияның мақсаты Библияның негізгі кағидаларын терең түсіндіру мәселелеріне келіп тіреледі.
Патристикадағы онтологиялык (болмыс) мәселелері Құдайдың төнірегінде қаралады. Патристика монотеизмді (бірқұдайлықты) қорғайды, көне замандағы көпқұдайлыққа карсы шығады.
Құдай идеясы патристикада, бір жағынан, толық игілік, әділеттілік, құдіреттілік тұрғысынан каралса, екінші жағынан, ол абсолютті болғаннан кейін, оның ешқандай қасиетін сипаттауға болмайды, ешкандай анықтама берілмейді, өйткені Құдай - бұл болмыстың аржағында. Бұл Дүние - жаратылған, сондықтан Жаратушыдан анағұрльш төменде; материя жаратылған нәрсе болғаннан кейін, оның шырмауынан кұтылуға болады.
Сонымен қатар бұл Дүниені Құдай мақсатқа лайықты әсем, игі қылып жаратты.
Патристикалық философияның терең түп-тамыры мистикаға кетеді. Мысалы, христиан дінінің «дүниені жоқтан жарату», троица (үштік) кағидасы - қарапайым сананың да, теоретикалық ойлаудың да шеңберінен шыққан түсініксіз мистикалық нәрсе. Сондықтан Тертуллианның «сгеёо, циіа аЪкигёит езі» (сенемін, өйхкені ақыл-ойға сыймайды) деген нақыл сөзі сол кездегі философиялык ахуалды шынайы бейнелейді. Енді патристиканың көп өкілдерінің ішіндегі аса ірі тұлғасы киелі Августинге тоқтап, оның философиялық көзқарастарын талдайық.
Бүкіл Христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі -киелі Августин. Ол 354 ж. Тагаст қаласында (Африка) Дүниеге келеді.
19 жасқа келгенде Августин манихейлік дінді қабылдайды. Бұ_л діннің негізін қалаған - парсылық Мани (3 ғ.). Ол өз ілімінің қайнар көзі Зороастра, Будда жэне Христос деп есептеген.
Манихейлік ілім Дүниеде екі бір-біріне қарсы тұрған негіз бар дейді. Олар күн мен түн, игілік пен зүлымдық.
Алғашқы уақытта олар бір-бірінен бөлек емір сүреді. Екінші дәуірде зұлымдық (материя) сәуле әлеміне кіріп, екі негіз бір-біріне араласып кетеді.
Уақыттың үшінші сатысында сәуле мен түнектің өзара күресі ізгіліктің жеңісіне әкеліп, материяның қалдықтары дүниежүзілік өртте құриды.
Адамға келер болсақ, ол - түнектің туындысы. Оның денесі жанды (сәуледен шыққан) өз ішінен жібермей тұтқындап түр. Иса пайғамбар осы адамдардың жанын құтқару үшін жіберілген.
Күнә мәселесіне келер болсақ, манихейліктер ол адамның еркінің ауытқуынан емес, ол Дүниенің екінші түнек жағының адамның жан дүниесіне кіруінен шығады дейді.
10 жылдан кейін Августин манихейлік дінді тастап, көп ізденіс, зардап шегіп, ақырында Христиан дінін қабылдап, өмірінің соңында осы діннің үлкен тұлғасына айналады.
Августиннің негізгі философиялык еңбектері: «Құдай қаласы жөнінде», «Сыр шегу», «Академиктерге карсы», «Жанның өлместігі» т.с.с.
Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дінін өтуі және оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды.
Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану - ең биік жетістік, ал диалектика - ойлаудың ең негізгі кұралы деп есептесе, Христиан дініне өтіп, оны іштей қабылдағаннан кейін, оның философиясында негізгі орынды Құдайға сену алады. Сенімнін арқасында пайда болатын «ішкі сәуле» анағұрлым биік санала бастайды.
Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа келмеуі керек. 2 ғасырда өмір сүрген Тертуллианның: «Сенемін, өйткені абсурдты», яғни ақыл-ойға сыймайды, қарсы келеді», - деген пікірін Августин қабылдамайды. Керісінше, ой елегінен өткізілмеген сенім - сенім болмайды. Ақыл-ой аркылы адам өзінің Құдайға деген сенімін әрі карай нығайтуы керек. Сонымен сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады. «Сенемін тусіну үшін», «Тусінемін сену үшін» деген көзкарасқа жол ашылады.
Августин «Сені шақырамын, Құдай - ақиқат, сенде, сенен, сенің арқаңда барлық ақиқат - ақиқат. Құдай - дана, сонымен, содан, сол арқылы даналыққа жететіндер жетеді. Құдай - зерделі сәуле, сонымен, содан, сол арқылы кайсыбір зерделі сәуле жарқырайды», - деп толғанып айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |