Адам мәселесі
«Адамдар алыс жолға шыкқанда қалайша таудың биік шыңына, қаһарлы теңіз толқынына, мұхиттың кеңістігіне, жұлдыздардың ағуына тамсана қарап, сонымен қатар өз-өздерін ұқыпсыз қалдырады?» - деген Августин сөздері, әрине, әр адамды толғандырады. Философиядағы шынайы мәселе - ол Ғарыш емес, ол -адам. Құпия - Дүние емес, ол - біз. «Қандай сыр жатыр адамның ішінде! Сен, Жаратқан, адамның басындағы шаштың санына шейін білесің, сенсіз оның бірде-бірі түспейді. Сонда да адамның шашын есептеу - оның жан-дүниесіндегі іңкәрлері мен... қобалжуына, шайқалуына қарағанда анағұрлым жеңіл», - дейді ұлы ойшыл.
Августинді адам мәселесі өзінің жалпылығымен емес, керісінше, нақтылығымен кызықтырады. «Мен өзім өзіме үлкен мәселеге айналдым», - дейді ойшыл. «Мен өзімдегі барды қамти алмаймын», - деп ол қынжылады.
Өзінің «Сыр шерту» деген еңбегінде Августин еш нәрсені жасырмай, өзінің жан дүниесін толығынан сыртқа шығарады, өз ішіндегі талай қайшылықтардың қаншама зардап әкелгенін, соларды шешу жолында қалайша Құдайды мойындағаны жөнінде айтады.
Августин адамның терең қайшылығын оның еркінен көреді. Ол Құдайдың еркімен көп жағдайда сәйкес келмейді. Осы қайшылықты аңғару адамнын өзінің «Менін» ашуға көмектеседі.
Августинге Христиан дініндегі құдайдың үш кейіптігі зор әсерін тигізді. Егер адам Құдайға ұқсатып жаратылған болса, онда онын тұлғасында осы үштікті табу керек. Олар - біздің өмір сүріп ясатқанымыз, болмысымыз, біз өмірді сүйеміз. Және біз айнала қоршаған ортаны танып-біле аламыз. Сонымен өмір сүру, білу, адам болмысының үш жағы, олай болса, біздің жан-дүниемізде Құдай бейнеленеді.
Ақиқат және оған жету мәселесі
Августин философиясында ақиқат - жан-дүние мен Құдайды бір-бірімен қосатын ұғымдардың бірі. Таным үрдісі түйсіктерден басталады. Қоршаған заттар біздің сезімдерімізге өзінің әсерін тигізеді, ал жанымыз олардың бәрін белгілі бір тәртіпке келтіріп, заттың қабылдануына әкеледі.
Ал ақыл-ойға келетін болсақ, ол диалектикалық жолмен жүреді. Мысалы, «Егер дүниеде 4 стихия болса, ол 5 емес; Егер күн біреу болса, ол екі емес; Бір жан-дүниені алсақ, ол өліп, сонымен қатар тірі болмайды. Бір адамды алсақ, ол масайрап, сонымен қатар бақытсыз бола алмайды».
Августиннің айтуынша, сезімдік Дүние бізді тұрақтылыққа әкелмейді, ол өне бойы өзгереді. Адамның денесі де өзгерісте, ал ақыл-ой - тұрақты.
Олай болса, «ақыл-ой» дегеніміз - жан-дүниенің жанары мен жүзі, сол арқылы ол ешқандай дененің көмегінсіз ақиқатты көре алады.
Айнала қоршаған заттарды көру үшін күннің сәулесі керек; Сол сияқты ақиқатқа жету үшін ерекше сәуле түсү керек. Ол үшін Құдай идеясы керек. Онда танымның 3 бастауы бар. Ол - оның өмір сүріп жатқандығы, тануға-білуге болатындығы және соларды біліп-танылатын қылатындығы.
Августиннің ойынша, Құдай мен ақиқат - тең. Бірақ олардың арасында, сонымен қатар айырмашылык та бар. Акиқат - Құдайдың ойы. Бұл арада бізге Платонның «Идеялар әлемі» есімізге келеді. Тек қана Августиннің идеялары Жаратушының дүниені тудырар алдындағы ойлары ретінде түсініледі.
Сонымен Құдайда ойлау заттардан ерте, ал адамдарда заттардан кейін жүреді. Енді, міне, біз Августиннің Құдай ұғымына тікелей жетіп калдық.
Достарыңызбен бөлісу: |