Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет49/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Мәнгілік пен уақыт мәселесі
«Дүниені жаратпастан бұрын Құдай-тағала не істеді?» - деген сұрақ Августинді үлкен ойға қалдырды. Оның берген жауабы мынандай:
«Бұл сұрақ мәнсіз, өйткені уақыт жаратылған дүниемен бірге берілген».
Құдайдың өмірі – мәңгілік қазір, ол қайсыбір болашақтан басым, өйткені болашақ әрқашанда ертелі-кеш өткен шаққа айналады, ал «Сен болсаң сенің бүгінің – мәнгілік», - дейді Августин.
Ал бұл Дүниедегі уақытты алатын болсақ, ол өткен, қазіргі және болашақтан тұрады. Өткен шақ - ол қазір жоқ, болашақ - ол әзір жоқ. Ал қазір егер өткен шаққа айналмаса, уақыттан мәңгілікке айналар еді.
Августиннің ойынша, уақыт - рухани өмірдің өлшемі. Адам өз өмірін өткенге, қазірге, болашаққа бөледі. Өткеннің қазірі -естегі нәрселер, қазірдің қазірі - ол ішкі , болашақтың қазірі - ол бір нәрсені күту, тосу, үміттену.
Тек қана біздің жан-дүниеміз үміттенеді, еске түсіреді. Онын күткендерінің бәрі іс-әрекет арқылы Дүниеге келіп, содан кейін естелікке айналады.
Зұлымдық және оның дүниедегі орны
Августин бұл мәселені егжей-тегжейлі талдап, оның онтологиялық-метафизикалық, моральдық және физикалық жақтарын қарастырады.
Метафизикалық-онтологиялық тұрғыдан келгенде, Ғарышта ешқандай зұлымдык жоқ, тек қана болмыстың әртүрлі сатылары ғана бар (өлі табиғат, өсімдіктер, жануарлар, адам т.с.с. Кейбір тіршілікте болып жатқан зұлымдық сияқты нәрселер, шынына келгенде, бүкіл Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан алғанда көрінбей кетеді, біз тек бүкіл Дүниенің үйлесімділігін, керемет екенін, ұлы гармонияны байқаймыз, өйткені Дүниені мейірімді Құдайдың өзі жаратты. Әрине, шын өмірде бір нәрсе пайдалы, екінші зиян, бір нәрсе әсем, екіншісі түрсіз деп баға береміз, ал оның негізінде адамның өзінің ғана мүддесі мен мақсаты жатыр. Ал Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан қарағанда, бұл Дүниеде әр жәндіктің, әр заттың өзінің болмыстық орны, мән-мағынасы бар. Олай болса, ол - дүниежүзілік гармонияның қажетті бөлігі.
Моральдық тұрғыдан алып қарағанда, Августин зұлымдықтың түп-тамырын адамның бұлылған еркінен табады. Әрине, адамның еркі, өзінің табиғаты бойынша, жақсылыққа ұмтылуы керек. Алайда шынайы өмірде неше түрлі қызықтыратын өтпелі заттар болғаннан кейін, кейбір жанның еркі Құдайдың керсеткен жолынан ауытқып, жоғарғы игіліктерге ұмтылудың орнына төменгі құндылықтарды таңдайды, Құдайдың орнына оның жаратқан нәрселеріне ұмтылады. Сонымен Дүние қүрылысының әртүрлілігі, баспалдақтық табиғаты адам еркінің ауытқуына, зұлымдықтың Дүниеге келуіне себепкер болады. Адамның күнәға батуы Құдайдың шексіз игілігіне шектелген уақытша нәрселерге берілу, дүниенің гармониясын бұзуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет