Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет199/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Абстрактілеу дегеніміз зерттеліп жаткан объектінің кездей-соқ мәнсіз жақтарын ой арқылы «жақшаға алып», мәнді, керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады.
Жалпылау - жинақталған жактардың жалпы, бәріне бірдей ортақ қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде үғымдану.
Анализ - зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін ашып, олардың қасиеттерін зерттеу.
Синтез - заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау.
Индукция - белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу аркылы жекеліктен жалпылықка өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әркашанда толық емес.
Дедукция жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика,
юриспруденция, қисында қолданылады.
Экстраполяция - белгілі бір жеке ғылымнын әдістемелерін, я болмаса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін, бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (әрине, салыстырмалы турде).
Модельдеу - кеңінен жаңа техника, я болмаса технологиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа ұшақтың ең алдымен қуыршақ моделін жасап, аэродинамикалық құбырдан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жаңа ұшақтың сынағы басталады.
Тарихтық және қисындық әдістер де бірге қолданылады. Белгілі бір заттың қалайша дүниеге келгенін, қандай нақтылы сатылардан өткенін, сол жолда баска заттардың оның даму жолын қалай бұрмалағанын т.с.с. біз тарихи әдіс арқылы зерттейміз. Ол, әрине, ең алдымен коғам өмірін зерттегенде кеңінен колданылады. Мысалы, тарихи әдіс аркылы Қазак елінің дербестік алғаннан бері қандай сатылардан өткенін, оның даму жолында қандай кедергілер-дін болғанын, бүгінгі танда қандай деңгейге көтерілгенін тарихшылар егжей-тегжейлі зерттеуде. Қисындық деп заттың ішкі табиғатынан, Аристотельдің сөзімен айтсақ, энтелехиясынан шығатын түзу жолды айтамыз. Яғни қисындық дегеніміз қыскартылған тарихтық. Соңғы - қисындықтың өзге болмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет