Оқулық ббк 74. 00 П24 о қ ул ық ты жогары о қ у орындары студенттеріне Қаза қ


Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиетері



бет13/29
Дата22.08.2017
өлшемі9,25 Mb.
#24277
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29

Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиетері. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиеттері қажет. Кәсіби маңызды қасиеттер

мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б.) көңіл бөлді. Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып (Н.Д. Хмель) педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктер жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, тұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі "педагогтар-оқушылар" жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. "Оқушы" жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. "Оқушылар" жүйесінде қарым-қатынас "педагогтар-оқушылар" жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады.

Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіңдік беретін 'кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.

Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретіңде қарастырылатын ұжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.

Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясыңда бұл өзара қарым-қатынас, өзара ықпалдасатың тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықгың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырлығына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.

Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына (Н.К. Крупская, Т.Е. Конникова, А.С. Макаренко, Л.И. Новиков, В.А. Сухомлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне окушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:

182

1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықгарының, қозғаушы күштерінін және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білімдер.



2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму зандылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.

3. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.

4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.



5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақга және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған окудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу.

6. Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды ұштастыра алуы.

7. Алғашқы ұжымды мектепте және мектептен тыс басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.

Балалар ұжымынын жағдайын диагностикалау әдістемесі.

Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында "оқушылармен ынтымақтастықга бола алу қабілеті" критерийі –қазіргі

мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінін ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтымдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда колданудың мүмкіндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева).

Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Казіргі кезенде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардын оған жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.

Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгісебебі ұйымдастырылатын

183


жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығының айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте

ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.

Қоғамдық тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс. Тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері тандағандары орынды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдыңда есеп берілуі қажет.

Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандьгқ, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, окушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.

Жинақталған және талданған материалдарын сынып жетекшісі "балалар ұжымының қалыптасу жағдайының графигі" түрінде беруіне болады. Оқушылар ұжымының жағдайы: оқушылар, балалардың өзара пікірлесуі, формальды, формальды емес лидерлерінің болуы. Бұл графикті талдау қажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы окушылар мен ата-аналар арасында талқылануы тиіс.

Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және окушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып жетекшісі осы ұжымның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.



Өзін-өзі тексеруте арналған сұрақтар

1) Оқушылар ұжымы дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?

2) Неге балалар ұжымы — мектептегі педагогикалық процестін маңызды компоненті болып табылады?

184


3) Оқушылар ұжымының негізгі даму кезендеріне сипаттама беріңіздер.

4) Оқушылар ұжымының дамуының негізгі зандарын тұжырымдаңыздар.

5) Оқушы ұжымының қалыптасуының әртүрлі кезеңіңдегі оқушылардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының өзара байланысын (нақты мысалдармен) көрсетіңіздер.

6) Сіз "ұжымда тұлғаны тәрбиелеу" және "баламен жеке жұмыс жүргізу" принциптерінің бірлігін қалай түсінесіз?

7) Оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейін зерделеуде педагогикалық зерттеулер әдістерінің кешенін белгілеңіздер.

8) Балалар ұжымы мен оқушылардын өзін-өзі басқаруын ұштастыру мүмкіншіліктерін көрсетіңіздер.

Әдебиеттер

1. Зверева В.И. Диагностика и экспертиза педагогической деятельности аттестуемых учителей. М.,1998.

2. Коломинский Я.Л. Психология детского коллектива: Система личных взаимоотношений. Минск, 1984.

3. Макаренко А.С. Восгштание в советской школе. М.,1966.

4. Немов Р.С. Кирпичник А.Г. Путь к коллективу: Книга для учителей по психологии ученического коллектива. М.,1988.

5. Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива: вопросы теории. М.,1978.

6. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М.,1982.

7. Сухомлинский В.А. Мудрая власть коллектива. М.,1981.

8. Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. М.,1988.

Өзіндік жұмыстар ұшін тапсырмалар

1) Әр түрлі оқулықтардан "ұжым" ұғымының анықтамасын жазу және оларға талдау жасау.

2) Балалар ұжымы мен мұғалімнің ықпалдасуы проблемасы туралы әдебиеттер тізімін жасау.

3) Педагогикалық процесте балалар ұжымы мен мұғалім ықпалдастығын алатын педагогикалық жағдайларды таңдау.

4) Балалар ұжымы мен олардың тұлғалық қасиеттері жөніндегі проблемалар бойынша ақпарат дайыңдау.

5) Тұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымын зерделеу алгоритмін құру.

185

6) "Тамаша ұжым екенін қалай байкауға болады?", "Ұжымда мен өзімді қалай көрсетемін" атты тақырыпқа шағын шығарма жазу.



Реферат тақырыптары

1. Оқушылар ұжымы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру құралы.

2. Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері.

3. Оқушылар ұжымының тиімді іс-әрекеттерінің ұжымы шарттары.

4. Тұлғаның ұжымда дамуы.

5. Оқушылар ұжымында тұлғалық қатынастың рөлі.

6. Балалар ұжымының эмоциялық өмірі.

7. Оқушылар ұжымындағы іс-әрекет қарым-қатынасының ынтымақтастығы.

8. Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару органы ретіндегі белсенді оқу топтары.

9. Оқушылар ұжымының бір қызметі ретінде жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділіктерін қальштастыру.

10. Оқушылар ұжымындағы педагогикалық жетекшілік және өзін-өзі басқару.

186
2.7 Сыныптың тәрбие жүйесін басқарудағы

сынып жетекшісінің қызметі

Мақсаты: сынып жетекшісімен құрылған сыныптағы тәрбиелік жүйенің мәнін меңгеру.

Міндеттері:

а) Жалпы білім беретін мектептің оқу сыныбындағы тәрбиелік жүйені анықтау.

ә) Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерін айқындау.

б) Сынып жетекшісінің ең маңызды қызметтерін анықтау.

в) Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашу.

Жоспар

1. Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшісінің міндеттері.

2. Сынып жетекшісінің жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.

3. Сынып жетекшісінің қызметтері.

4. Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру.

Негізгі ұғымдар: тәрбие, тәрбиелік жүйе, атқарылатын

қызмет, сынып жетекшісі, қатынас, іс-әрекет.



Пәнаралык байланыстар: психология, әлеуметтану, систематология, философия, басқару теориясы.

Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшісінін міндеттері.

Педагогика ғылымы негізіндегі зерттеулер мен озат тәжірибелерді қорытындылай келгенде, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылыуы тәрбие процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды.

Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда белгілері болып табылатындары:

- спартандық тәрбие жүйесі;

- афиндық тәрбие жүйесі;

- діни тәрбие жүйесі;

- джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);-

187


- адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі);

XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын өндіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т.б.).¥лттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта құрудың негізінде қаланды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау, кез-келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататынын, тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы (жасушасы) екендігін, ұжымшылыдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер, осы ережелерді нақтылай келіп, кез-келген тәрбие жүйесінің негізіне барлық ұжым болып қабылданған тәрбиенің мақсатын, ұжымдық танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін пайдалануды жатқызады.

Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді болжайды:

- жүйенің қалыптасуы;

- ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;

- жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару

және жаңалықтарды ендіру;

Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы кызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында белгілі қиындықтар бар: тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеальды.

188


Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін.

Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Бұған мысал ретінде Алматы қаласындағы № 16 кәсіби-техникалық лицейде қалыптасқан тәрбиелік жүйені алуға болады, онда лицей директоры Шакирова Т. М. басшылығымен оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсілдерімен жүзеге асқан. Бұнда төмендегі келтіріліп отырған тәрбиелік жүйенің құрылымдық үлгісі іске асырылған.

Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:

1. Лицейді ұлттық мәдениет элементтерімен безендіру.

2. Тілдерді меңгеру.

3. Ұлттық мәдениетті мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру.

4. Ұлттық мәдениетті базистік оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.

5. Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.

6. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.

7. Ұлттьгқ мәдениетті меңгеруді мақсат еткен үйірмелер мен клубтардың жұмысы.

8. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған сыныптан тыс іс-әрекет (сынып сағаттары, жарыстар, мерекелер, т.б.).

9. Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлері.

Басқа да тәрбие жүйесінің нәтижесі бұдан кем емес. Мысалы,

Алматы қаласындағы № 132 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы оқушылардың интеллектуалды потенциалының дамуын бірінші орынға қояды. Әрине, бұл бағытта әртүрлі ізденістер болуы мүмкін, алайда, кез

189

келген жағдайда мектеп ұжымының алдында мақсаты бар.



Мектеп өз түлектерінің мәдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді, ол дегеніміз - мектеп бітірушінің білім мазмұнын, жеке тұлғаның өзін өзі ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелік міндеттер арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Мысалы,

Н. Е. Щуркова келесі тәрбиелік міндеттерді ұсынады:

а) тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

ә) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;

б) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі мен баюы үшін жағдай жасау.

Сынып жетекшілерінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау нәтижесінде оның міндеттерін төрт топқа бөледі.

Бірінші топ - әлеуметтік міндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестік).

Екінші топ - диагностикалық міндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

Үшінші топ - адамгершілік міндеттер (баланың бойында қайрымдылық критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).

Төртінші топ - даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы).

Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міңдеттерді бөліп қарау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяқталмайды. Ең маңызды міндеттер:

1. Денсаулық пен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2. Баладағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

З.Оқушыда адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру.

190

4. Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту.



Е.НСтепанованын ой туыншаа сыныптың тәрбиелік жүйесі-бұл сыныптағы әрбір мүшені тәрбиелеп және олардың өмір сүруші ұымдастыру тәссілі бұл біртұтас өзара әсерететін компонент, ұжымда және тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді -дейді. Осыған байланысты компоненттер туімі;

І.Жеке топтық компонент тәрбиелік жүйе құрамы балалармен ересектер тобы.

2 Құндылық-бағдарлы компонент (тәрбиенің мақсат міндеті бірлікте, сыныптың болашағы,тәрбие жүйесін құрудың қағидасы).

3. Қызметтік-әрекет компоненті (жүйе құрушы турі, форма бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі, тәрбие жүйесінің негізгі қызметі, өзін-өзі басқару).

4.Уақытша-кеңістік компоненті (тәрбиелік орта, тәрбие жүйесінің қалыптасу кезені т.б.).

5.Диагностикалық-талдау компоненті (тәрбиелік орта,тәрбие жүйесінің тиімді өлшемі, ұжымды танып білудің әдіс тәсілдері, талдаудың формасы мен тәсілдері, алынған нәтижені бағалау).

Сынып жетекшісінің жұмысындағы ең қиын нәрсе сол оқушыларды адамгершілік жағынан қалыптастыру болып табылады.

Сынып жетекшісінін жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру. Сонымен, оқушылардың адамгершілігі тәрбиенің ең маңызды міндеті болып табылады. Адамгершілік адамның іс-әрекеті мен қылықтарынан көрінетін қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегеніміз субъектінің қоршаған ортамен қалауы бойынша анықталатын байланысы. Сондықтан оқушының қандай құндылықтарды таңдап алуы сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне тәуелді.

Зерттеушілер қатынастар жүйесіне әртүрлі компонентерді кіргізеді. Әрбір қатынас белгілі бір білімдерді игеру дегенді білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады.

Н.Е. Щуркова, А.П. Сейтешев жеке тұлғаның қасиеттерін құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесі деп түсіндіреді. Осылайша, басқа адамға

191


деген құндылық қатынастың нәтижесі - гуманизм, өз өзіне - қадір-қасиет, еңбекке -еңбексүйгіштік, енбекқорлық болып табылады.

Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерін осылайша бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаған оргаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктің барлық жақтарын қамту мүмкін емес.

Тәрбие нәтижелері туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы туралы айтуға болады:

1. Басқа адамға деген қатынас - гуманизм.

2. Өз өзіне деген қатынас - қадір-қасиет.

3. Еңбекке деген қатынас - еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.

4. Ұжымға деген қатынас - ұжымшылдық.

5. Отанға деген қатынас - отансүйгіштік, патриотизм.

6. Табиғатқа қатынас - табиғатқа қамқорлық.

7. Көркемдікке қатынас - көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.

Жеке тұлғаның осы бір қасиеттерін қалыптастыру - қоршаған орта туралы білімдерді өнегелілік түрде түсініп-сезіну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгершілікпен сезінуі тәрбие жұмысының басты мақсаты.

Оқу материалының, әрбір сабақтың өзіндік тәрбиелік маңызы бар екені белгілі. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген, құндылық қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап, болмысты эмоционалды-эстетикалық қабылдауға дейінгі, құндылық сапаларын тәрбиелейді. ҚР-мектептерінде білім беру мазмұны үнемі жаңарып отырады.

Мұғалімнің алдында тұрған өзекті мәселе оны адамгершілік тұрғысынан түйсіну. Оқу пәндеріндегі тәрбиелік мүмкіндіктерді мұғалім білуге тиісті. Бұл жөнінде негізгі пәндер гуманитарлық циклде болып келеді. Дегенмен сабақ үстінде ғана тәрбиелеумен шектелмеу керек. Егерде кей мұғалімдердің тәрбиелік міндетті қажетті деңгейде орындай алмауын ескерсек онда жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Пән мұғалімдерінің тәрбие жұмысынын сынып жетекшісіне басшылығына тәуелді сондықтан да мұғалімдер сыныптағы тәрбие жүйесіне қалыптастыруда белсенділік танытады.

Мектептің тәрбие міндеттеріне сүйене отырып, өз сыныбындағы окушылардың ерекшеліктері мен тәрбиелілік деңгейлерін ескере отырып,

192

осы мәселені шешуге пән мұғалімдері, оқушыларды, ата-ананы, демеушілерді т.б. тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады.



Әр адамның рухани өмірі ізгілігі өзіне ғана тән. Кей бала эстетикалық құндылықты қаласа, кей бала табиғатты тандайды. Сыныптағы ұжымдық тұлғалық сана тәрбие процесі жағдайына тәуелді. Диагностикалық әдіс-тәсіл оқушының тұлғалық адамгершілік қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Сынып жетекшісінің жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрініс табады. Сынып жетекшісі қызметі Қазақстанда, барлық Совет Үкіметіндегі секідді, 1934 ж. енгізіледі. Қазіргі уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттілігін дамыту бірінші орында. Бұл ретте, сынып жетекшісі - пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы.

Оқушыларды адамгершілік құндылықты сезінуге үйретуде және сапалы білімді меңгеруге іс-әрекетті ұйымдастырудың мәні зор.

Сынып жетекшісінің қызметтері. Сынып жетекшісінің жұмысы мектеп Уставымен белгіленеді. Алайда бүл тізім оның іс-әрекетінің барлық жақтарын қамти алмайды. Оның іс-әрекетінің әртүрлі жақтары көптеген зерттеулерде қарастырылған (әдіс және әдіснамаларда).

Дәстүрлі емес әдістемелерде сынып жетекшісінің негізгі қызметтері:

а) Баланың денсаулығына қамқорлық.

ә) Баланың адамгершілігін қалыптастыруға қамқорлық.

б) Баланың қабілетін дамытуға қамқорлық.

1. Сынып жетекшісінің қызметіне жатады. (Н.Е. Щуркова):

- Мектептегі сынып өміріне қамқорлық;

- әрбір оқушыны қажетті оқулықтармен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

- баланың көзінің көруі, құлағының естуі, оның бойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіне қарай сыныпқа орналастыру;

- сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы;

- мектептің ертеңгілік тамағының тәртібі мен асхананың тазалык ережесін қамтамасыз ету;

193


- оқушы үсті-басын ретке келтіре алатын дәретхана бөлмелерінің орналасуы мен оларды пайдалану мәдениетін ескерту;

- сынып бөлмесінің ішкі көрінісін, бөлменің жарықтығы, бөлменің көркем-әдемілігін сақтайтын кезекшілер қою;

- әрбір мұғалім мен баланың киімі мен аяқ киімін гигиена, эстетика тұрғысынан деген талап қою;

- әрбір оқушының сабақ кестесі мен сынып бөлмелерінің орналасуынан хабардар ету;

- оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен (директор кабинетінен бастап, ойын бөлмесі мен медициналық бөлмеге дейін) түсінік беру;

- оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемілік пен тәртіпті сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.

2. Топтың пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру:

- балаға дүниенің көпжақтылығы мен күрделілігі, қарама-қайшылықтарын, танымдық іс-әрекетін ашу;

- баланы дүниедегі адам өміріне қажетті құралдары, материалдық құндылықтарға жататын еңбектің іс-әрекеті'

- баланың күш-жігерін, өзінің денесіне, денсаулығына, ағзасының сұлулығы мен күшіне, адаманың өз денесін билей алатын спорттық іс-әрекет;

- балаға дүниені көркем образдар арқылы тануға, көркемдік заттар тудыра отырып, дүниені көркейтуге мүмкіндік беретін іс-әрекет.

3. Өмірді түсініп, сезінудің рухани іс-әрекетін ұйымдастыру, ол дегеніміз

- оқушылардың рефлексиясы, өмір құндылықтарын түсініп, сезінудегі өзіндік талдауға және өзінің ішкі дүниесін дамытуға жәрдем беру.

4. Тәрбие нәтижелерінің диагностикасы негізінде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің диагностикалық іс-әрекеті тәрбиелік жүйені құрудың негізі болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ерекше қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыруда сынып жетекшісі жүйе түзуші факторды анықтап алу қажет. Ол белгілі жұмыстың формасы, белгілі іс-

194


әрекеттің түрі т.б. бірақ баланың қоршаған ортаға қатынасын қалыптастыру моделін жасағанда ескеретін нәрсе мыс: жүйе түзуші фактор оқушылардың әрекеті театрға бару аркылы тәжірибесін құндылық қатынас қалыптастыру. Ол үшін сынып жетекшісі жұмыстың осындай формасы негізінде тәрбие жүйесінің моделін жасауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет