321
Қозғалтқыштың
конструкциясын
(
типін
)
оның
жұмыс
жағдайларына: қоршаған ортаны қозғалтқыштағы ықтимал
ұшқындаудан (жанғыш шаң, жарылыс қауіпті қоспалар және т.б.
болған жағдайда),
сондай
-
ақ қозғалтқыштардың өзін ылғал, шаң,
агрессивті химиялық заттар түсуінен қорғау қажеттілігіне және т.б.
байланысты таңдайды.
Қозғалтқыш конструкцияларының бірнеше негізгі
типтері бар.
Ең жақсы салқындату жағдайлары үшін мойынтіректі қалқандары
мен тұғырында желдеткіш саңылаулары бар
ашық типті
қозғалтқыштар
өндірістік жағдайларда жеңіл бітеліп қалу
жағдайында және қызмет көрсетуші персонал ашық ток өткізгіш
бөлшектерге тиіп кеткен кезде олардың
токпен зақымдану қаупі
туындаған жағдайда сирек қолданылады.
Қорғалған типті қозғалтқыштардың
қозғалтқышты ішіне жаңбыр
тамшысының, бөгде бөлшектердің, жоңқалардың түсіп кетуінен
қорғайтын, бірақ шаңнан қорғамайтын
торлармен жабылған
желдеткіш саңылаулары болады.
Жабық типті қозғалтқыштарды
шаң басқан орынжайларда ауада
күйдіргіш зат булары және т.б. болған жағдайда орнатады.
Мұндай
қозғалтқыштарды салқындату жағдайын жақсарту үшін мәжбүрлі
ауамен салқындату қолданылады. Дымқыл орынжайларда ылғалға
төзімді арнайы оқшаулағышы бар қорғалған қозғалтқыштарды,
жанғыш газдарды не буларды қамтитын, жарылыс қауіпті
орынжайларда жарылыстан қорғалған қозғалтқыштарды орнатады.
Абсолютно жесткая,
синхронного двигателя
–
абсолютті қатаң, синхронды
қозғалтқыш; Асинхронная
–
асинхронды; Жесткая, двигателя с параллельным
возбуждением
–
қатаң, параллель қозатын қозғалтқыш; Мягкая,
двигателя со
смешанным возбуждением
–
жұмсақ, аралас қозатын
қозғалтқыш; Мягкая,
двигателя с последовательным возбуждением
–
жұмсақ, тізбектей қозатын
қозғалтқыш