Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет152/225
Дата24.11.2023
өлшемі21,72 Mb.
#193387
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   225
Байланысты:
Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
 
1.
Электр жетек қандай негізгі бөліктерден тұрады?
2.
Электр жетектің қандай жүйесі тұйықталған және қандай 
жүйесі ажыратылған деп аталады?
3.
Өндірістік 
механизмдерге 
тән 
механикалық 
сипаттамаларды көрсетіңіз.
4.
Электр жетектің номиналды: ұзақ мерзімді, қысқа 
мерзімді және қайталама
-
қысқа мерзімді жұмыс 
режимдеріне анықтама беріңіз.
5.
Реле
-
контактілік аппараттар негізіндегі электр жетекті 
басқару жүйесін қандай негізгі функцияларды атқарады?


332
12.1.
 
12.1-
сурет
12-
тарау
 
 
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН БЕРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ 
 
ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ 
ЖҮЙЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМДАР
 
Жоғары қуатты электр станцияларында өндірілетін электр 
энергиясы шалғайдағы тұтынушыларға 35
-
750 кВ жоғары кернеулі 
тарату желілері бойынша жеткізіледі. Тұтынушының таратушы 
желісінің (қалалық) кернеуі 6(10)кВ болғандықтан, тарату 
желілерінің кернеуін азайту үшін 
бас төмендеткіш қосалқы 
станция
қызмет етеді (12.1
-
сурет). Ол тарату желілеріне 
ажыратқыштар мен айырғыштар арқылы қосылатын төмендеткіш 
трансформаторларды қамтиды; трансформаторлардың жоғары 
кернеулі шықпаларында жөндеу жұмыстары мен профилактикалық 
тексерулерді жүргізу кезінде қажетті қысқа тұйықтағыштар 
орнатылады. 
Трансформаторлардың төмен кернеулі 6(10) кВ шықпаларына 
бөлшектелген жалпы шиналардан тұратын 
таратқыш пункт
(ТП) 
қосылады, ол шиналарға ажыратқыштар арқылы жеке тұтынушылар 
қосылады. Таратқыш пункттар желінің кернеу трансформациясы 
қажет 
емес 
басқа 
бөліктерінде 
орнатылады. 
Электр энергиясын тұтынушылардың 
көбі 1
000 В
-
дан төмен кернеулі 
желілердегі жұмысқа есептелгендіктен, 
оларға тікелей жақын жерде төмендеткіш 
трансформаторлары 
және 
әртүрлі 
коммутациялық 
аппараты 
бар 
трансформаторлық қосалқы станциялар 
орналастырылады. 
Ірі 
өнеркәсіптік 
кәсіпорындарды 
электр энергиясымен жабдықтау үшін 
магистральды тарату желілерінен 
терең 


333
12.2-
сурет
12.3-
сурет
кірмелі
желі тартады. Бұл жағдайда төмендеткіш 
қосалқы станцияны кәсіпорын аумағында орнатады 
және трансформаторлар арқылы терең кірмелі 
желілермен байланыстырады (12.2
-
сурет). 
Радиалды
(12.3-
сурет, 
а
), 
магистральды
(12.3-
сурет, б) және 
аралас 
таратқыш желілер болады. 
Қандай да бір таратқыш желіні таңдау 
тұтынушының маңыздылық дәрежесіне байланысты 
болады, ол бойынша бұл желілерді үш санатқа 
бөледі. Ең көп жауаптысы бірінші санат, ең аз 
жауаптысы үшінші санат болып табылады.
Тұтынушыларды екі энергия көзінен қуаттауды 
резервтейтін 
таратқыш 
желінің 
радиалды 
конструкциясы бірінші санаттағы тұтынушылар 
үшін қолданылады, ал жеңілдетілген нұсқалары аз 
жауапты 
тұтынушылар 
үшін 
қолданылады. 
Таратқыш желілердің
магистральды және аралас құрылымдары үшін 
де осыны айтуға болады. 
Таратқыш желілер жұмысының үздіксіздігі автоматты релелік 
қорғаныспен қамтамасыз етіледі. Көбінесе бұл желінің жекелеген 
бөліктеріндегі зақымдану (жабдықтың ток өткізгіш бөліктерінің 
қысқа
тұйықталуы, жерге тұйықталу, кернеудің қалыптан тыс 
өзгеруі, энергияны тарату бағытының өзгеруі) кезінде 
ажыратқыштарға автоматты түрде әсер ететін релелердің өте күрделі 
жиынтығы болып табылады. Релелік қорғаныс қалыпты жұмыс 
режимінің бұзылғанын білдіреді, одан кейін автоматика 
құрылғыларымен бірге электрмен жабдықтау жүйелерінің 
элементтерін (трансформаторларды, қуаттау желілерін және т.с.с.) 
ажыратуды және қайта қосуды орындайды, электр энергиясының 
резервтік көздерін автоматты түрде қосады және қуат жеткіліксіз 
болған жағдайда электрмен жабдықтау жүйесінің жүктемесін 
азайтады. 


334
12.4-
сурет
Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар 
– 
іріктегіштік 
(талғамдылық), әрекет шапшаңдығы, сенімділік және сезімталдық. 
Қорғаныс әрекеті іріктегіштігінің 
мәнісі
– 
желінің зақымданған 
бөлігі қондырғыға жақын ажыратқыштар арқылы электр энергиясы 
көздерінен ажыратылады, соның арқасында электр энергиясын 
қабылдағыштардың минималды санын қалыпты электрмен 
жабдықтау режимі бұзылады.
Қорғаныс әрекетінің шапшаңдығы
зақымданған бөліктің бұзылу 
көлемін кішірейтуге, кернеу төмендеуінің басқа да электр 
энергиясын қабылдағыштардың жұмысына әсерін бәсеңсітуге, 
электр жарығының сапасын жақсартуға және т.б. мүмкіндік береді. 
Қорғаныс сезімталдығы 
желінің зақымдарына олар пайда болған 
сәттен бастап
-
ақ дер кезінде жауап қайтару үшін қажет.
 
Қорғаныс сенімділігі – 
реленің авария кезінде іске қосылу 
мүлтсіздігі. Жоғары сенімділікті қамтамасыз ету үшін желінің 
зақымданған бөліктерін негізгі қорғаныс істен шыққан кезде 
ажырататын резервтік қорғаныс қолданылады. 
Уақыт ұстамын қолдану ажырату іріктегіштігіне қол жеткізудің 
ең қарапайым жолдарының бірі болып табылады. 
Іріктемелі қорғаныс мысалы ретінде 

қосалқы станциясынан 
t
1

t
4
уақыт ұстамы бар 
КА1
— 
КА4 
максималды ток релелерімен 
және сәйкесінше 
QF1
— 
QF4 
ажыратқыштарымен бір жақты 
қуаттайтын радиалды желінің қорғанысын алуға болады (12.4
-
сурет, 
а). Реле іске қосылған кезде жедел ток тізбегі тұйықталады, олар 
арқылы тиісті ажыратқышты ажыратуға арналған электр жетек 
әрекетке келтіріледі. 


335


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет