Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет213/225
Дата24.11.2023
өлшемі21,72 Mb.
#193387
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   225
Байланысты:
Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-

ЭЛЕКТРОНДЫҚ
 
ОСЦИЛЛОГРАФ
 
 
Тез өтетін процестерді тіркеу үшін, сондай
-
ақ электр тізбектері 
элементтерінің (мысалы, ферромагниттік өзекше гистерезисінің 
ілмектері (3.12
-
суретті қараңыз)) жиілігі мен динамикалық 
сипаттамаларын өлшеу үшін электрондық
-
сәулелік осциллограф 
қызмет етеді. Осциллографтар міндеті мен әрекет ету принципі бо



460
18.8-
сурет:
Вертикально отклоняющие пластины 
– 
тік ауытқытушы тілімдер; 
Горизонатльно отклоняющие пластины 
– 
көлденең ауытқытушы тілімдер
йынша үздіксіз әрекет ететін, жадтайтын және цифрлық осцилло
-
графтар болып бөлінеді.
Үздіксіз әрекет ететін осциллограф.
Осциллографтың маңызды 
бөлігі электрондық
-
сәулелік түтік (18.8
-
сурет) болып табылады, ол 
электрондық прожектордан, ауытқытушы жүйеден және экраннан 
тұрады. Прожектор жіңішке электрондық сәуле тудырады және 
қыздыратын катодтан, басқарушы
 
У
электроды мен екі 
А
1
және
А

анодтарынан тұрады. 
Электрондарды тездету үшін қажетті электрондық өріс сәуле 
осьінен қатты ауытқыған электрондарды кідіртетін бір немесе 
бірнеше диафрагмалы толық цилиндрлер болып есептелетін 
А
1
және
А

анодтарының жоғары оң потенциалдарымен қамтамасыз етіледі. 
Бірінші 
А
1
аноды мен катодтың арасындағы кернеу 500
-
6000 В
-
ға 
тең екінші 
А
2
аноды мен катодтың арасындағы кернеудің оннан 
бірінен бастап үштен біріне дейін болады. Басқарушы 
У
электроды 
катодтқа қатысты теріс потенциалдан тұрады және ол сәулелін 
фокустау, сондай
-
ақ қажет болған жағдайда оны жабу үшін қызмет 
етеді. 
Электрондық сәулелерді көлденең және тік бағыттарда ауытқыту 
үшін ауытқытушы тілімдердің екі жұбы қызмет етеді. Өлшенетін 
жүйелі кернеу тік ауытқытушы тілімге беріледі, оның салдарынан 
сәуленің тік бағытта (ордината осьі бойынша) ауытқуы жүзеге 
асады. Көлденең ауытқытушы тілімдер өлшенетін кернеуді уақыт 
бойынша (абсцисса осьі бойынша) жаймалау үшін қажет. Көп 
жағдайда бұл тілімдерге СӨКГ сызықтық өзгеретін кернеу 
генераторының (16.5
-
бөлімшені қараңыз) кернеуі жүйелі түрде 
беріледі. 
Экран люминофор қабатымен жабылады, онда қозғалмалы 
электрондық сәуленің әсерімен өлшенетін кернеудің уақытқа 
тәуелділігінің жарқыраған ізі пайда болады. 


461
18.9-
сурет

Усилитель 
– 
күшейткіш; Линия задержки 
– 
кідіру сызығы; ГЛИН 

СӨКГ
Осциллографтың құрылымдық схемасы (18.9
-
сурет) блоктар мен 
кілттерден тұрады, олардың көмегімен осциллограф жұмысының 
әртүрлі режимдерін алады. 
Осциллографтың мынадай жұмыс режимдері бар: ішкі 
синхрондалатын, сыртқы синхрондалатын, автоматты және арнайы 
жаймалы. 
Ішкі синхрондалатын режимде
К
1
,
К

кілттері жабық болады 
және 
и
кір 
кіріс сигналының кернеуі аттенюатор арқылы, яғни 
калибрленген кернеу бөлгіші арқылы, күшейткіш пен СӨКГ 
шығыстарына беріледі де, соңғысын жұмысқа қосады. Кернеу СӨКГ 
шығысынан осциллографтың көлденең ауытқытушы
x—x 
тілімдеріне беріледі, ал экрандағы электрондық сәуленің ізі көлденең 
бағытта қозғала бастайды. Тік ауытқытушы 
у
— 
у 
тіліміне 
күшейткеннен кейін түсетін кіріс сигналы экранның ортасында 
орналасуы үшін, оны кідіру сызығының көмегімен біраз Δ
t
уақытына 
кідірту қажет (18.10
-
сурет, 
а
). 
Ішкі синхрондалатын режимнің кемшілігі 
– 
кідіру сызығының 
кіріс сигналы бұрмалануы мүмкін. 
Сыртқы синхрондалатын режимде
К
2
– 
К

кілттері жабық 
болады және СӨКГ
-
ні іске қосу 
и
кір 
кіріс сигналының алдында Δ
t
моментінде болатын арнайы 
и
с.и.
синхрондау импульсымен жүзеге 
асырылады 
(18.10-
сурет, 
б
). Бұл жағдайда кідіру сызығы қажет емес 
және кіріс сигналы толығырақ естілуі мүмкін. 
Автоматты режимде
К
2
,
К

кілттері жабық болады және СӨКГ 
шығысында 
f
г 
жиілікті ара тәрізді кернеу түзіледі. Егер
f
г 
жиілігі 
осциллораф кірісіндегі жүйелі кернеудің 

жиілігімен сәйкес келсе 


462
Рис. 18.10
18.11-
сурет
18.10-
сурет
немесе оған еселі болса, онда осциллогарф экранында 
жылжымайтын кескін байқалады (18.10
-
сурет, 
в
). 
Арнайы жаймалы режимде 
К
2
,
К

кілттері жабық болады және 
осциллографтың көлденең ауытқытушы тілімдеріне қандай да бір 
арнайы жүйелі 
и
х 
кернеуі беріледі. Сондықтан осциллографтың 
көмегімен біраз арнайы өлшеулер жүргізуге болады. Мысалы, егер 
x—x 
тілімдеріндегі кернеу синусоидалық болса 
u
x
= U
mx
sin 2
π
f
x
t,
онда кіріс кернеуінің 

жиілігін өлшеуге болады, бұл ретте кіріс 
кернеуі де ол синусоидалық болып, жиілігі 
f

жиілігіне еселі болуы 
тиіс. 
f/f

жиіліктері қатынасының еселігіне байланысты осциллограф 
экранында әртүрлі фигуралар байқалады
(18.11-
сурет).
Осциллографтың сезімталдығы
деп экрандағы миллиметр 
бойынша жарық дағының вольт бойынша кіріс кернеуінің мәніне 
қатынасын айтады. Түтіктің күшейткішсіз сезімталдығы 
салыстырмалы түрде төмен:
0,5 —
1 мм/В.
Алайда күшейткішті 
қолдану осциллографтың сезімталдығын 1 мм/мВ дейін арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет