88
аспаптардың жылжуы, қызу, күштік
әсер ету, қысым жасау, түрлі
объектілердің қалыбын, күйін бақылау, санын есептеу және т.б.
Бұл операцияларды қолмен орындау кезінде жұмысшылар түрлі
өлшегіш аспаптары мен құралдарын пайдаланады. Технологиялық
процестің автоматтығы датчиктерді барлық параметрлер процесіне
әсер ететін өлшеу мен бақылау үшін пайдалануды талап етеді.
Датчиктердің
электр дабылына жылжуды, жылдамдықты, күшті,
қысымды, температураны қалай түрлендіретінін және олардың
объектілердің күйі мен санын қалай анықтайтынын қарастырамыз,
сонымен бірге, бұл датчиктердің негізгі сипаттамасын бағалаймыз.
Біз электр дабылдарын қалыптастыратын
датчиктерді қарастырып
жатырмыз, дегенмен, датчикті қандай да бір түрлендіруші электрлік
емес параметрдің электр дабылына тікелей пайдалану мүмкін емес
немесе мақсатты емес жағдайлар да болады. Ондай жағдайда бұл
параметрді электрлік емес параметрге түрлендіретін
аралық
құрылғыны пайдаланады, бірақ ол электр сигналына әрі қарай
түрленуге ыңғайлы.
Сызықтық жылжудың аралық түрлендіргіштері. Миллиметр
үлесінен ондағын сантиметрге дейінгі
диапазондағы сызықтық
жылжулар электр дабылдарына жеткілікті түрде жеңіл өзгереді, бұл
жайлы әрі қарай қарастырамыз. Дегенмен, шағын жылжудың нақты
түрленуі тар жұмыс диапазонымен немесе
бұл датчиктердің төмен
сезгіштігімен жиі шектеледі, ал үлкен жылжуларда датчиктердің
көлемі де үлкен болады.
Сонымен бірге, сызықтық жылжуды түрлендіретін қарапайым
механикалық түрлендіргіштер де бар. Олар сағат түріндегі
шағын
жылжымалы индикаторларда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: