236
АРНАЙЫ
БӨЛІМ
СТУДЕНТ
-
ТЕРІНІҢ ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІ
Сондықтан жеткіншіктердің бүйрек қызметі үлкен жүк
-
темесімен ерекшеленеді. Олардың суды көп қажет етуі сон
-
дықтан. Бүйректің және зәр шығару жолдары қызметін орталық
жүйке жүйесі реттейді.
Бүйрек ауруларына пиелонефрит, бүйрек тасының түрлі
формалары жатады.
Пиелонефритті туындататын себептер көп болуы мүмкін.
Бұл ауру түрі иммундық механизммен, дәрі-дәрмек пен хими
-
ялық заттарға аллергиялық реакциялармен байланысты немесе
ұзақ уақыт бүйрек үшін токсинді байланыстардың болуынан
(ауыр металдардың тұздары, ауырсынуды басатын дәрілер)
туындайды. Ангина мен қызамық стрептококтың бірнеше
түрлерінен туындаған жағдайда пиелонефриттің пайда болуы
мүмкін. Сол себепті қыста және күзде, күннің суық күндерінде
суық тиюді болдырмас үшін жылы аяқ киім киіп, белді жылы
ұстау керек. Пиелонефрит өте сирек жағдайда судың жетіспе
-
ушілігінен болуы мүмкін. Бүйректің кебу салдарынан өз қыз
-
метін жоғалтып, оның жұмысы нашарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: