Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Жаттығулардың сайысу әдісі



Pdf көрінісі
бет79/244
Дата13.12.2021
өлшемі34,93 Mb.
#100184
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244
Байланысты:
Бишаева Дене шынықтыру

Жаттығулардың сайысу әдісі 
қорытынды бағамдауға, яғни 
сайысқа ұқсас жаттығуларды орындауға негізделеді.
Жаттығулардың  ойын  әдісі 
ойынның  әдістемелік  ерек
-
шеліктерін айқындайды және төзімділікті жетілдірудің кешенді 
әдісі болып табылады. Әдісте жаттығу жасаушылар әрекеттерінің 
дербестігі,  олардың  ықылас  білдірулеріне,  тапқырлықтарына, 
жаттығу  шеберлігіне  жоғары  талаптармен  сипатталады.  Ойын 
«сюжеті» мен ережелері тек жалпы ережелерді ғана белгілеп қо
-
яды. Ал қалған әрекеттің бәрі жаттығу жұмыстары міндеттерін 
орындауда өзіндік шешім білдіруге мүмкіндік береді. Мұндайда 
ойын барысында жағдайдың тұрақты және аяқ астынан өзгеріп 
отыруы  аталмыш  міндеттерді  қысқа  мерзімде  шешуге  және 
қозғалу  мүмкіндіктерін  толыққанды  пайдалануға  итермелей
-
ді. Ойын әдісі ұжымда жұмыс жасауға, әріптесіне көмектесуге 
дайын  болуға,  серіктестікке  қабілетті  болуға,  кикілжің  туған 
жағдайда өзін-өзі ұстай білуге және тағы сол секілді әлеумет
-
тік қасиеттерді игергісі келетіндерге арналған. Дәл осы әдістің 
арқасында тұлғаны әлеуметтік тәрбиелеуге қатысты міндеттерді 
шешуге мүмкіндік береді. Алайда мақсатқа жету амалдарының 
сан  қырлылығы,  іс-әрекеттердің  динамикалылығы  ықпал  ету 
деңгейі бойынша жүктемені нақты реттеуге мүмкіндік бермей
-
ді. Әрине, бұл ойындағы жүктеме мөлшерлеуге келмейді деген 
сөз емес. Ойын жүктемесі ойын ережелерімен, бапкер нұсқаула
-
рымен және өзге де жанама жолдармен реттеліп отырады. Алай
-
да  мөлшерлеу  нақтылығы  жаттығу  жұмыстарының  жоғарыда 
аталған әдістеріне қарағанда аздау болатыны сөзсіз.
Жалпы төзімділікті дамытудың жоғарыда аталған әдістерінің 
арасында біркелкі және қайталама әдістері негізгі әдістер болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет