199
АРНАЙЫ
БӨЛІМ
СТУДЕНТ
-
ТЕРІНІҢ
ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІ
Бұл бөлімнен төмендегі сұрақтарға жауап алуға болады:
■
Арнайы бөлімнің студенттері қандай
медициналық топтарға бөлінеді;
■
Дене жаттығулары
адам ағзасына қалай әсер етеді;
■
Түрлі аурулардың алдын-алу үшін қандай дене жаттығулары жасалады.
АРНАЙЫ БӨЛІМ СТУДЕНТТЕРІНІҢ
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
13
Бөлім
Арнайы бөлімге есепке алынудың басты себебі – түрлі ауру
-
лардың, созылмалы инфекция ошағының болуы.
Медициналық көрсеткіштерді, дене дайындығын және жы
-
нысын ескере отырып арнайы бөлімде бірнеше медийиналық
топ құрылуы мүмкін: «А», «Б», «В» және миопиямен ауыратын
студенттер.
«А» тобына
жүрек-қантамырлары, өкпе патологиясы, рев
-
матизмдік жүрек ақауы, танзилокардиялық синдромы, созылма
-
лы пневмония, қатаю сатысындағы өкпе туберкулезі, ауысты
-
рылған экссудативті плевриттен кейінгі қалдықтары, бірінші
сатыдағы гипертониялық аурудың қалдықтары, бірінші саты
-
дағы тиреотоксикозы бар студенттер кіреді.
200
АРНАЙЫ
БӨЛІМ
СТУДЕНТ
-
ТЕРІНІҢ ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІ
Осы топқа соңғы ұстамасы бір жылдан кем емес уақыт
-
та болған бронх демікпесі бар студенттерді де жатқызамыз.
«Б» тобы созылмалы, жиі қайталанатын тонзиллит, язвалық ау
-
рулары бар, созылмалы гастрит, колит, холецистит, май және
сулы-тұзды алмасуы бұзылған, несеп-жыныс жүйесі қызметі
бұзылған студенттерга арналған.
«
Б
» тобы созылмалы, жиі қайталанатын тонзиллит,
асқазан жарасы, созылмалы гастрит, колит, холецистит,
май мен су-тұз алмасуының бұзылуы, несеп жолдарының
бұзылуы сияқты аурулар кездесетін студенттерге арналған.
«В» тобына
тірек-қимыл аппараты бұзылған; қол және аяқ
жарақаттары бар; сал, жартылай сал аурулары қалдықтары;
сүйек туберкулезі; көкірек қуысы деформациясы бар студент
-
тер жатады. Бұл студенттерге жайлап қиындай түсетін және
күш түсіретін түрлі дене жаттығулары жасауға болады. Оларды
денсаулық жағдайы және дене дайындығы жақсарған жағдайда
дәрігердің қорытындысы мен кафедра шешімі негізінде даяр
-
лау бөліміне ауыстырады. Арнайы топқа 5-тен 7-ге дейін диоп
-
трий миопиясы бар студенттерді біріктірген жөн. Олар жүгіру
(жылдамдыққа) және секіру жаттығуларынан, күш түсетін, қар
-
сыласатын жаттығулардан шектеледі. Барлық топтың студент
-
тері өзін-өзі бақылап отыратын күнделік жазуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: