Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет4/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

І ТАРАУ 



құқықтық актілерді, ұжымдық келісім-шарттарды, еңбекті 
қорғау 
жөніндегі 
келісімді, 
ұйымның 
өзге 
де 
оқшауландырылған 
нормативтік 
құқықтық 
актілерін 
қызметкерлердің орындауын бақылау; 

өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың және
өндірістік факторлармен шарттандырылған аурулардың
алдын-алу жөніндегі профилактикалық жұмысты, сондай-ақ
еңбек 
жағдайларын 
жақсарту 
жөніндегі 
жұмысты
ұйымдастыру;

ұйымның қызметкерлерін, оның ішінде ұйым басшысын
еңбекті қорғау мәселелері бойынша ақпараттандыру және
кеңес беру;

еңбекті қорғау жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу
және тарату, еңбекті қорғау мәселелерін насихаттау.
Қойылған міндеттерді шешу үшін еңбекті қорғау қызметі
құрылған және оған келесі негізгі функциялар жүктелген:

өндірістік жарақаттану, кәсіптік аурулар және өндірістік
факторлармен шарттандырылған ауруларды есепке алу және
жай-күйі мен себептерін талдау;

өндірістік факторлардың қауіпті және зиянды параметрлерін
өлшеулерді ұйымдастыру және жүргізуде, жабдықтар мен
құрылғылардың жарақат қауіптілігін бағалауда құрылымдық
бөлімшелерге көмек көрсету;

еңбек 
жағдайлары 
бойынша 
жұмыс 
орындарын
аттестациялаудағы, 
еңбекті 
қорғау 
жұмыстарын 
сертификациялаудағы әдістемелік басшылық, ұйымдастыру 
және олардың өткізілуін бақылау;

тиісті құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен бірлесе
отырып және еңбекті қорғау жөніндегі өкілетті (сенімді)
тұлғалардың немесе басқа өкілді тексеру органдарының
құзіретті 
қызметкерлерінің 
қатысумен 
ғимараттардың,
құрылғылардың, жабдықтардың, машиналар мен тетіктердің,
құралдардың, қызметкерлердің ұжымдық және жеке қорғаныс
құралдарының 
техникалық 
жағдайларын, 
санитарлық-
техникалық құралдардың, желдету жүйелері жұмысының
еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін зерттеу;

өндірістік мәндегі салынып біткен немесе қайта жасалған
объектілерді пайдалануға алу жөніндегі комиссия жұмысына,
сондай-ақ еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде
жөндеуден қондырғылар, агрегаттар, станоктар және басқа
жабдықты қабылдап алу жөніндегі комиссия жұмысына
қатысу;

еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде ұйымда әзірленетін
жобалық, конструкторлық, технологиялық және басқа
құжаттаманы келісу;




өзге құрылымдық бөлімшелермен бірге еңбек жағдайларын
жақсарту және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанудың,
өндірістік факторлармен шарттандырылған аурулардың алдын
алу жөніндегі жоспарларды, бағдарламаларды әзірлеу;
жоспарланған 
шараларды 
орындау 
бойынша
ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;

еңбекті қорғау және еңбек жағдайларына қатысты ұжымдық
келісім-шарт бөлімдерін, ұйымның еңбекті қорғау жөніндегі
келісімін жасауға қатысу;

құрылымдық бөлімшелер басшыларына соларға сәйкес
қызметкерлер алдын-ала және кезеңдік медициналық міндетті
тексерулер өтулері тиіс кәсіптер мен лауазымдар тізімдерін,
сондай-ақ соларға сәйкес қолданыстағы заңнама негізінде
қызметкерлерге ауыр жұмыс және зиянды немесе қауіпті еңбек
жағдайларындағы жұмыс үшін өтемақы берілетін кәсіптер мен
лауазымдар тізімдерін жасауға нұсқаулар беру; Еңбекті
қорғаудың экономикалық, әлеуметтік және құқықтық мәні зор
екенін атап кетпеуге болмайды.
Еңбекті қорғаудың э
кономикалық 
құрамдас бөлігі еңбектің 
қауіпсіз 
жағдайларын 
қамтамасыз 
ету 
жөніндегі 
дұрыс 
ұйымдастырылған жұмыстың көп жағдайда қызметкерлерді тәртіпке 
бейімдейтіндігінен тұрады, бұл еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістегі 
жазатайымдық, жарақаттану, тұрып қалу жағдайлары санының 
төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде зардап шеккендерге өтемақы ретінде 
төленуі мүмкін қаржы құралдары үнемделеді. Сәйкесінше, 
кәсіпорынның немесе ұйымның экономикалық көрсеткіштері өседі. 
Еңбекті қорғаудың 
əлеуметтік 
мәні қызметкерлерді өндірістік 
ортаның жағымсыз ықпалынан қорғаудан тұрады. Мұнда еңбек қызметі 
барысындағы теріс ықпалдардың сандық бағасын танып білуге, қауіпті 
және зиянды факторлар ықпалы салдарларын жоюға бағытталған 
шаралар енгізіледі. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс үзілістері 
кезіндегі толыққанды демалысы мен тамақтануын ұйымдастыруға, 
оларды арнаулы қажет киіммен, қорғаныс және гигиеналық 
құралдармен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жеңілдіктер мен 
кепілдіктердің орындалуына көңіл бөлінеді. 
Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыруға дұрыс 
тұрғыдан қарау, қызметкерлерді түрлі материалдық емес тәсілдермен 
ынталандыруды сауатты пайдалану оларға сенімділік, тұрақтылық және 
басшылықтың өз қызметкерлеріне мүдделілік сезімін береді. Еңбектің 
қалыпты жағдайлары барысында кадрлар тұрақсыздығы азаяды. 
Еңбекті қорғаудың 
құқықтық 
құрамдас бөлігі — еңбек қызметі 
құқығына заңды кепілдіктер. Мысалы, кәмелетке толмағандарды (18 
жасқа дейін) физикалық ауыр, мерзімнен тыс жұмыстарға, сондай-ақ 
түнгі жұмыстарға қабылдауға болмайды. 
Ресей Федерациясы азаматтарының еңбегін және денсаулығын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет