12
жарықтандыру, жоғарылатылған жарық, сәуле ағынының соғысы;
2)
химиялық
—
бұл
технологиялық
процестерде
пайдаланылатын зиянды заттар, өнеркәсіптік улар, дәрілік
препараттар. Адам ағзасына зиянды химиялық заттар тыныс
органдары, асқазан-ішек тракты, тері жабындылары арқылы енуі
мүмкін. Тыныс органдары зиянды заттар енуінің негізгі жолы
болып табылады. Улану – заттардың тірі организмдерге зиянды
әрекет жасай білу қабілеті;
3)
биологиялық — бұл ағынды суларды жеткіліксіз тазарту
немесе гигиена ережелерін сақтамау барысында пайда болатын
бактериялар мен вирустар;
4)
психофизиологиялық — бұл жұмыс орны және жабдық
параметрлерімен, еңбек қарқындылығымен шарттандырылған
факторлар. Бұл факторлар ағзаның жай-күйіне, оның
эмоцияларына, ақыл-парасатына жағымсыз ықпал етеді. Ақыл-
ойдың аса ширығуы, артық әсерленушілік бұған мысал бола
алады.
Еңбек процесі факторлары еңбектің ауырлығымен, еңбектің
кернеулілігімен шарттандырылады.
Еңбектің ауырлығы
адамның
сүйену-қимылдау аппараты жүктемесінің деңгейін көрсетеді. Ол
жылжытылатын
жүктің
салмағымен,
тұрпатты
жұмыс
қимылдарының санымен, дене еңкеюі жиілігімен, кеңістікте орын
ауыстыру санымен сипатталады.
Еңбектің кернеулілігі
қызметкердің эмоциялық саласына,
орталық жүйке-жүйесіне ықпал етеді. Оны келесі факторлар
анықтайды: жұмыс режимі, орындалатын операциялардың
бірқалыптылық деңгейі, ақыл-ой жүктемелері.
Достарыңызбен бөлісу: