6
ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕКТІҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1.
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
Адам өз өмірінің басым бөлігін еңбек қызметіне арнайтыны
баршаға мәлім. Оның жұмысқа қабілеттілігі мен өмір ұзақтығы
өндірістік орта жағдайының қолайлылығына барынша тәуелді.
Денсаулықты сақтау технологиялары күзетінде еңбекті қорғау
тұр. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау
мәселелері неліктен соншалықты маңызды?
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыты кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижелерінен
бұрын қызметкерлер денсаулығы басымдылығын мойындау
болып табылады.
Адам қызметкер ретінде өзінің білімімен, машықтарымен және
жұмыс тәжірибесімен құнды, сондықтан оның жұмыс орынына
қатысты
қауіпсіздік
ережелеріне
немқұрайлы
қарауды
кәсіпорынның рентабельділік деңгейімен де, өндірілетін өнім
құндылығымен де ақтауға болмайды.
Еңбекті қорғаудың басты міндеті —қызметтік міндеттерін
атқару барысы мерзімінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі
шараларын
қамтамасыз
ету,
сондай-ақ
қарастырылған
профилактикалық шаралардың орындалуын бақылау.
Ресей
Федерациясы
Еңбек
және
әлеуметтік
даму
министрлігінің 2000 жылғы 8 ақпандағы № 14 қаулысымен
еңбекті қорғау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруда жұмыс
берушілерге көмек көрсету мақсатында, Ұйымдағы еңбекті
қорғау қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар
бекітілді. Бұл ұсыныстарда еңбекті қорғау міндеттері келесідей
етіп заңды түрде қалыптастырылған:
■
еңбекті қорғау талаптарын қызметкерлердің орындауын
қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
■
еңбекті қорғау туралы заңдарды және басқа нормативтік
Достарыңызбен бөлісу: