9
қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымды бағыты
дәрежесіне жатқызылған.
1.2.
ЕҢБЕК ҚАУІПІЗДІГІ
ТЕРМИНДЕРІ ЖƏНЕ НЕГІЗГІ
ҰҒЫМДАР
Пәнді оқу процесінде қолданылатын негізгі анықтамаларды
қалыптастырайық.
Еңбек қауіпсіздігі –
бұл жұмыс барысында қызметкерге
зиянды өндірістік факторлардың (мысалы, шудың, сәулеленудің)
теріс ықпалы алынып тасталған еңбек шарттарының жағдайы.
Қауіпсіздік техникасы
— бұл жұмыс істейтін адамдарға
қауіпті өндірістік факторлар ықпалының алдын алатын
ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың (мысалы,
қандай да бір жұмысты орындар алдында нұсқама жүргізу,
қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету)
жүйесі.
Еңбекті қорғау
деп, бәрінен бұрын, еңбек қызметі процесі
барысындағы
қызметкерлердің
өмірі
мен
денсаулығын
қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық актілердің жиынтығы
пайымдалады.
Ол
құқықтық,
әлеуметтік-экономикалық,
санитарлық-гигиеналық,
психофизикалық,
емдеу-
профилактикалық
және
эпидемияға
қарсы
шаралардан,
денсаулығын жоғалтқан жағдайдағы медициналық көмек көрсету
кепілдіктерінен тұрады.
Өндірістік санитария
— бұл қызметкерлерге зиянды
өндірістік факторлар ықпалының алдын-алуға бағытталған
гигиеналық және санитарлық-техникалық щаралар. Өндірістік
санитарияға жұмыс орындарындағы жарықтандыру мен
желдетуді ұйымдастыру, жұмыс аймағындағы ауаны зиянды
заттардан тазарту, микроклиматтың оңтайлы және шекті
параметрлерін
(температураны,
ылғалдылықты,
ауа
қозғалысының жылдамдығын) қамтамасыз ету, сәулеленудің әр
түрлерінен (жылулық, электромагниттік, виброакустикалық,
лазерлік, иондық) қорғау жатады.
Еңбек гигиенасы
— бұл адамның еңбек қызметін және
өндірістік ортаны олардың адам ағзасына ықпалы тұрғысынан
зерттейтін, еңбек жағдайларын сауықтыруға және кәсіби
аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар мен гигиеналық
нормативтер әзірлейтін ғылым саласы.
Еңбек гигиенасының міндеттері:
10
1)
зиянды факторлардың рұқсат етілетін шекті деңгейлерін
анықтау;
2)
еңбек қызметтері жағдайларын жіктеу;
3)
еңбек процесінің ауырлығы мен кернеулілігін бағалау;
4)
еңбек және демалыс режимін тиімді ұйымдастыру;
5)
жұмыс орнын ұйымдастыру;
6)
еңбек қызметінің психофизиологиялық ерекшеліктерін
зерттеу.
Еңбек қызметі жүргізілетін алаң
жұмыс орны
деп аталады.
Жұмыс аймағы –
жұмыс орны орналасқан, еденнен 2 м.
биіктікпен шектелген кеңістік.
Еңбек жағдайлары
деп адамның жұмыс қабілетіне ықпал
ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы пайымдалады.
Гигиеналық нормативтерден ауытқу деңгейіне байланысты еңбек
жағдайларының оңтайлы, рұқсат етілген, зиянды және қауіпті
шарттары белгіленген. Олардың ішінен тек оңтайлы және рұқсат
етілген еңбек жағдайлары ғана жұмыс үшін бағалы деп
есептеледі.
Еңбектің оңтайлы жағдайлары
барысында (жағымды
микроклимат және физикалық жүктеме деңгейі) қызметкердің
еңбек қабілетінің жоғарғы деңгейі сақталады.
Рұқсат етілген еңбек жағдайлары
барысында еңбек
процесі факторлары рұқсат етілетін гигиеналық нормалар
деңгейінен аспайды және регламенттелген үзілістер кезінде ағза
өз функцияларын қалпына келтіріп үлгереді.
Еңбектің зиянды жағдайлары
деңгейі рұқсат етілген
нормалардан
асатын
зиянды
факторлардың
болуымен
ерекшеленеді; олар қызметкердің денсаулығы мен жұмыс
қабілетіне теріс ықпал етеді. .
Еңбектің қауіпті жағдайлары
ықпалы жұмыс күні
барысында денсаулыққа қауіп төндіретін жұмыс ортасы
факторларының деңгейімен сипатталады; кәсіби аурулар қатері
болуы мүмкін. Еңбектің қауіпті жағдайларының апаттарды жою
нұсқасынан басқа, өміршеңдік құқығы жоқ. Бұл жағдайда да
қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету,
оның қауіпті аймақта болу уақытын қысқарту қажет.
Жұмыс ортасы РЕКШ және РЕШД деңгейлерімен
сипатталады. Ауадағы зиянды заттардың рұқсат етілген
концентрациясының шекті (РЕКШ) өлшем бірлігі — [мг/м
3
].
Қауіптілік деңгейі бойынша заттар бірнеше топтарға
бөлінеді:
1)
төмен қауіпті (бензин, этил спирті, аммиак, ацетон);
2)
біркелкі қауіпті (шыны пластик, темекі);
3)
жоғары қауіпті (хлор);
4)
аса қауіпті (қорғасын, марганец).
11
Жұмыс ортасы факторларының рұқсат етілетін шекті
деңгейі (РЕШД) жұмыс күні барысында (8 сағ.) және апта ішінде
40 сағаттан аспайтын уақыт барысында қызметкердің денсаулық
жағдайында ауытқулар байқалмайтындай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |