108
макрофагтардың
белсенуiн
шақырады,
нәтижесiнде
макрофагтар
вирустарға қарсы және iсiктерге қарсы әсерлерi бар IFN-
және TNF-
өндiре бастайды.
Тх2-жасушаларының негiзгi қызметтерi
Тх2-жасушалары өндiретiн цитокиндерiнiң көмегiмен келесi
қызметтердi атқарады:
1.
ИЛ-4 әсерiнен В-лимфоциттерде иммуноглобулиндердiң өндiрiлуiн IgЕ
мен цитофилдi IgG (2, 4) алмастырады.
2.
Тх2-жасушалары ИЛ-4 көмегiмен Кумбс пен Джелл жiктелуi бойынша
жоғары сезiмталдықтың I механизмiнде (атопиялық аллергиялар)
маңызды
қызмет атқаратын
мес жасушаларының көбеюiн шақырады.
Мес жасушалары вазоактивтi аминдерден (гистамин, брадикинин,
серотонин
және
т.б.)
басқа
эозинофилдердiң
гельминтердiң
личинкаларына токсикалық әсерiн күшейтедi.
3.
Тх2-жасушаларымен өндiрiлетiн ИЛ-5 цитокинi де эозинофилдердiң
көбеюiн шақырады.
4.
ИЛ-5 сондай-ақ IgA өндiрiлуiн күшейтедi.
5.
Тх2-жасушаларымен өндiрiлетiн ИЛ-10, ИЛ-4 және ИЛ-13 Тх1 түзiлуiн
және олармен ИЛ-2
мен IFN-
өндiрiлуiн тежейдi. Сондай-ақ
макрофагтармен ИЛ-12 өндiрiлуiн де тежейдi. Нәтижесiнде Т-
киллерлермен және макрофагтармен жүзеге асатын иммунды жауаптың
барлық звенолары басылады.
Сонымен, қалыпты жағдайда Тх2 цитофилдi иммуноглобулиндердiң
(IgG2, IgG4 және IgE)
өндiрiлуiн шақырады, сонымен қатар негiзгi
секреторлы IgA өндiрiлуiн шақыру арқылы шырышты қабаттардың
қорғанысын қамтамасыз етедi.
Эозинофилдердiң көбеюiн ынталандыру
және IgE өндiрiлуiн шақыру
арқасында Тх2 гельминттерге қарсы иммунитетте шешушi рөл атқарады.
Эозинофилдерде IgE үшiн Ғс-рецепторлар бар, осы рецепторлар арқылы
гельминт личинкаларымен байланысқан
иммуноглобулин эозинофилдiң
дегрануляциясын
шақырады.
Нәтижесiнде
бөлiнетiн
медиаторлар
гельминттердiң личинкаларына цитотоксикалық әсер етедi.
Тх2 иммунды жауапты реттеуде маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: