Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет125/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

ИНТЕРЛЕЙКИН–3
(адамның 
хромосомаларының 

жұбы, 
гранулоцитарлық-макрофагалдық 
колониястимулдайтын 
факторды 
негiздейтiн текке өте жақын орналасқан). Бұл цитокин 1981 ж. Т – 
жасушаларды пiсiп жеткiзу факторы ретiнде бейнеленген. Кейiнiрек ИЛ-3 
гемопоэздiң бастапқы сатыларын қоздыратын фактор екендiгi дәлелдендi. 
ИЛ-3 – молекулярлық салмағы 21000-36000 Д көлемiнде күштi 
гликозданған белок. Молекуланың құрамында белсендiлiк көрсетуге 
маңызды бiр дисульфидтi байланыс бар. 
ИЛ-3-тiң өндiрушi жасушалары болып арнаулы антигендермен 
белсендiрiлген Тх1 мен Тх2
және бiрқатар басқа жасушалар (В-
лимфоциттер; цитофилдiк антиденелермен қарама-қайшы байланыспен 
белсендiрiлген мес жасушалары; миелоидтық жасушалар; сүйек кемiгiнiң 
стромалық жасушалары; ми астроциттерi; кератиноциттер) келедi.


132 
ИЛ-3-тiң нысана – жасушалары болып, көбiнесе, жас, соның iшiнде, 
көпқабiлеттi қантүзу бастапқы жасушалары келеді. 
ИЛ-3 бағаналы жасушалары мен жетiлмеген CD-бастауштардың 
көбеюiн қолдайды, сүйек кемiгiнде макрофагтардың, тимуста Т-
лимфоциттердiң жетiлуiн реттейдi. 
ИЛ-3 шырышты қабаттардың мес жасушаларының өсу факторы 
болып келедi, ИЛ-4-тiң дәнекер тiнiнiң мес жасушаларына көрсететiн өсiру 
белсендiлiгiн күшейтедi, олардың гистаминдi өндiруiн көбейтедi, басқаша 
айтқанда, ИЛ-3 аллергиялық реакциялар дамуына қатысы бар. 
ИЛ-3 эозинофилдердi белсендiрiп NK- жасушаларының дамуын 
тежейдi. ИЛ-3 апоптозды тежеу арқылы жасушалардың сақталып қалуын 
жоғарлатады. Сонымен, 
ИЛ-3 – гемопоэздiң бастапқы сатыларына әсер 
ететiн, оны жедел реттейтiн белсендiрiлген Т-лимфоциттердiң өнiмi.
Сонымен қатар, ИЛ-3 мес жасушаларының дамуына қатысады және NK- 
жасушаларының қалыптасуын тежейдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет