139
негіздейді (IFN-γ көмегімен); ЛАЖ-
жасушаларының қалыптасуын
жоғарылатады. ИЛ-12 әсері Тх1 мен NK- жасушаларының қоздырылуымен
байланысты, сол себептен ИЛ-12 клиникада ісіктерге қарсы және
вирустарға қарсы препарат ретінде,
жасушалық иммунды жауапты
бастайтын адъювант ретінде, иммундытапшылық кезінде байқалатын
оппортунисттік індеттердің емі ретінде қолдануға болады.
ИЛ-12
В-лимфоциттерді, әсіресе В1-жасушаларды, қоздыруға
қатысады, нәтижесінде аутоантиденелердің көлемі жоғарылайды.
ИЛ-12
бірқатар иммунологиялық жүйелерге супрессорлық белсенділігі бар
, соның
ішінде IgE өнімін тежейді. Бұл себептен кейбір жағдайларда клиникада
ИЛ-12-нi IgE-аллергиясын немесе
аутоиммундық жауапты тежеу
мақсатымен қолдануға болады. ИЛ-12 бағаналы қан түзу жасушаларының
айналымға шығуын және экстрамедулярлық қан түзу ошақтарының
қалыптсуын негiздейдi.
Сонымен,
ИЛ-12, макрофагтар мен лимфоциттердің арасындағы
байланысты қамтамасыз етіп, Тх1 мен цитотоксикалық жасушалардың
белсенділігін жоғарылатып
, IFN-γ өнімін қолдап, вирустарға, микробтарға
және ісікке қарсы қорғанысқа зор үлес қосады, себебі IFN-γ жасуша ішілік
микроцидтіктің, соның ішінде оттегінің активті құрамдарының және азот
тотығының активаторы ретінде белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: