Байланысты: shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk
ИНТЕРЛЕЙКИН-7 (адам хромосомаларының 8-жұбы). ИЛ-7 1988
жылы лимфоциттердiң бастауыштарының активаторы ретiнде ашылған.
Молекулярлық салмағы 25 000 Д құрайды. Алғашында В-лимфоциттердiң
дамуын қоздырушы факторы ретiнде бейнеленген. Кейiн ИЛ-7 Т-және В-
лимфоциттердiң
бастауыш
жасушаларының
көбеюiнiң
беделдi
қоздырғышы екендiгi анықталды. ИЛ-7 жетiлген Т- жасушаларының өсу
факторы ретiнде ИЛ-2-тәуелсiз механизмнiң көмегiмен антигентәуелдi
цитотоксикалық литикалық белсендiлiгi бар Т-лимфоциттер мен ЛАЖ
жасушаларының пайда болуын қамтамасыз етедi.
ИЛ-7-нi сүйек кемiгiнiң стромалық жасушалары, тимустың (тимустың фибробласттары, эндотелиалдық жасушалары, эпителиалдық
жасушалары),
көк бауырдың, бүйректiң жасушалары, макрофагтар өндiредi. ИЛ-7
негiзгi лимфопоэтин болып келедi. Ол қан жасушаларының В-
лимфоциттер жағына дамуды шақырады, тимус iшiлiк Т-лимфоциттердiң
бастауыш
жасушаларының
көбеюiн
қоздырады
(лимфоциттердiң
дамуының бастапқы кезенiнiң беделдi өсу факторы), бастауыш Т-
жасушалардың аман қалуын қолдап, bcl-2 апаптоз ингибиторының
экспрессиясын күшейтедi, тимустан тыс орналасқан Т-лимфоциттердiң
антиген тәуелсiз көбеюiн негiздейдi. Лимфоциттердiң пролиферациясын
қоздырып ИЛ-7, ИЛ-1-мен синергиялық түрде әсер етедi, осы салада
ИЛ-7 Т-жасушаларының дамуында басты маңызы бар сияқты.
Кофактор ретiнде ИЛ-7 (ИЛ-6 сияқты) ИЛ-2-нiң өнiмiн қоздырады,
Т- жасушаларының көбеюi мен Т-киллерлердiң жетiлуiн реттейдi. ИЛ-7
ИЛ-2-нің орынына цитотоксикалық лимфоциттер мен ЛАЖ жасушаларына
митогендiк әсер көрсетуге қабiлетi болуы мүмкiн.
Цитокиндердiң көпшiлiгiне қарағанда, ИЛ-7нiң лимфоциттердiң
дамуындағы әсерi басқа цитокиндермен қайталанбайды. Сол себептен ИЛ-
7 тегi жойылса, тимус жасушалары жоғалады, жалпы лимфопения мен
ауыр иммунды тапшылық дамиды.
ИЛ-7 адамның шеткерi қанының моноциттерiне күштi әсер келтiредi
: олардың ИЛ-1α, ИЛ-1β, ИЛ-6 және IНФ-α. жоғары көлемде өндiрүiн
шақырады. Сонымен қатар, ИЛ-7 адам меланомасының А37S тiзбегiнiң
жасушаларының моноциттермен лизистенуiн қоздырады.
Сонымен, ИЛ-7 лимфопоэтин ретiнде иммунды жүйенiң Т-
жасушалық бөлiгiн қамтамасыз етуде зор маңызы бар.