Байланысты: shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk
ИНТЕРЛЕЙКИН–6 (Адамның хромосомаларының 7- жұбы). 20 000
– 30 000 Д жуық молекулалық салмағы бар гликопротеин. Алғашында Т-
жасушалар
өндiретiн
В-лимфоциттердiң
плазматикалық
жасушаға
айналуының соңғы кезеңін реттейтiн лимфокин ретiнде табылған. ИЛ-6-
ның
көптеген
биологиялық
бесендiлiгi
(В-жасушалардың
иммуноглобулиндер
өндiруi,
бауырда
жедел
фазаның
бiрқатар
белоктарының өндiрiлуi, әр түрлi В-жасушалық тiзбектердiң - миелома,
плазмоцитома, гибридомалар - өсуiн қамтамасыз ету, мегакариоциттердiң
жетiлуi; нейрондардың жетiлiуi; остеокласттардың белсендiрiлуi) бар
екендiгi кейiн дәлелдендi.
ИЛ-6-ны өндiретiн жасушалар өте көп: моноцит/макрофагтар,
лимфоциттер,
фибробласттар,
гепатоциттер,
кератиноциттер,
эндотелиалдық, мезангиалдық, қан түзу жасушалары, трофобласт және әр
тектi iсiктердiң жасушалары. ИЛ-6-ның өндiрiлуiнiң қоздырғыштары
болып бактериялық өнiмдер, полиэлектролиттер, митогендер, ИЛ-1, IНФα,
интерферондар және колония стимулдайтын факторлар бола алады.
ИЛ-6-ның нысана жасушалары: әр түрлi дәнекер тiндiк элементтер,
қан,
иммундық
және
нейроэндокриндiк
жүйелерiнiң,
бауырдын
жасушалары.
Биологиялық әсерлерi ИЛ-1 мен IНФ-α.-ға ұқсас. Бiрiншiден, олар
қабыну және иммундық реакцияларға, қан түзуге қатысады. ИЛ-6
созылмалы қабыну процестердiң жеделдеуiн және жедел процестердiң
созылмалы түрге ауысуына себепкер болады. Вирустарға қарсы әсер ететiн
қасиетi бар. ИЛ-1 мен IНФ-αлардан кешiрек бөлiнiп шығып, ИЛ-6 олардың
өнiмiн азайтады, сол себептен қабыну реакцияны аяқтайтын цитокиндерге
жатады.
Иммундық жүйеде ИЛ-6 В-лимфоциттердiң иммуноглобулиндердi
өндiретiн плазмалық жасушаларға айналу соңғы сатысына стимул ретiнде
қатысады. Ол иммуноглобулиндердiң барлық кластарының бiрдей
өндiрiлуiн шақырады. Жетiлген Т- жасушаларға әсер етiп, ИЛ-6 оларды
ИЛ-2-нiң әсерiне дайындайды, ИЛ-2 шақыратын Т- жасушалардың
көбеюiн және цитотоксикалық Т-лимфоцитттердiң жетiлуiн күшейтедi,
IFN-γ-ның NK- жасушаларына көрсететiн әсерiн жоғарлатады.
Қан түзу жасушаларына ИЛ-6, ИЛ-3тiн, ГМ-КСФтын және М-
КСФтын әсерлерiн күшейтiп көбiнесе, кофактор ретiнде көмектеседi.
Гемопоэзде ИЛ-6, тромбоциттердiң санын өсiрiп, көп қабiлеттi бағаналы
жасушаларының, мегакариоциттердiң ИЛ-3- тәуелді пiсiп жетiлуiн
қамтамасыз етедi. Сонымен қатар, ол лейкемиялық, миелоидтық, бласттық
жасушалардың және керотиноциттердiң көбеюiн күшейтедi. ИЛ-6
нейрондардың дамуына әсер етiп, иммундық және нейроэндокриндiк
135
жүйелерiнiң әсерлесуiнде белгiлi, бiрақ әлi толық анықталмаған маңызы
бар.
Әсерлерiнiң механизмдерiнiң көп болғандығынан ИЛ-6 ЖБИЖС,
таралған миелома, ревматоидтық артрит, менопаузадан кейiнгi артроз,
Капоши саркомасы сияқты
көптеген ауралардың патогенезiне қатысады. Сонымен,
ИЛ-6 фибробластармен, макрофагтармен өндiрiлетiн полифункционалдық цитокин болып. Биологиялық әсерiнiң спектрi бойынша ИЛ-1 және IНФ-α ларға жақын, қабынудың, иммундық реакциялардың дамуына, қан түзудi реттеуге қатысады, плазматикалық жасушаларының өсу факторы болып келедi, жүйе аралық әрекеттесулерге қатысады.