ИНТЕРЛЕЙКИН-13 (адам хромосомаларының 5- жұбы, ИЛ-3, 4, 5
және ГМ-КСФ тектерінің қасында).
ИЛ-13 биологиялық активтілігінің 30% ИЛ-4тiң әсерлерiне ұқсас.
Бұл
цитокин
Тх2
сияқты
активтелген
Т-лимфоциттермен,
мес
жасушаларымен өндіріледі, моноциттердің қызмет етуіне әсер етеді
(көбеюі мен жетілуін қолдайды) және В-лимфоциттердiң IgE мен IgG4
синтездеуiн қоздырады. ИЛ-13 Т- жасушаларын активтей алмайды.
ИЛ-13 В-лимфоциттердiң өсу факторы болып келеді, ИЛ-4-пен гомологиялы түрде ұқсас. Рецепторлары әр түрлі болса да, ортақ тізбектері бар.
ИЛ-13 макрофагтар мен моноциттер өндіретін қабыну цитокиндердің өнімін және цитоулағыштықтарын тежейді. ИНТЕРЛЕЙКИН-14. ИЛ-14-тiң қызметі толық зерттелмеген.
Адамның қалыпты Т- жасушаларымен, В- жасушалық тізбектерімен,
ФГАмен
қоздырылған
В-
жасушалық
лимфомаларымен
және
фоликулярлық дендриттік жасушаларымен өндіріледі.
ИЛ-14 зәрде В- лимфоциттердің қалыптасуына және белсендірілген В-лимфоциттерінің көбеюіне ықпал етеді. Бұл цитокин антидене синтезін тежейді, В-
лимфоциттерінің апоптоздан сақтап, bcl-2 экспрессиясын күшейтеді.
ИЛ-14-ке әлсіз жауап (in vitro) жалпы вариабелдік иммунологиялық
жетіспеушілігі бар науқастарда байқалады.
Сонымен, ИЛ-14 ИЛ-4 пен ИЛ-13 ұқсас белсенділік көрсетеді, бірақ,
өзінің әсерін басқа рецепторлар арқылы iске асырады.
ИНТЕРЛЕЙКИН-15. Макрофагтар өндіреді. Биологиялық әсері
бойынша, құрылымдары гомологиялы болмаса да, ИЛ-2 және ИЛ-21 ұқсас,
қоздырылған
Т-
жасушаларының
көбеюін,
цитотоксикалық
Т-
жасушаларының пісіп жетілуін қолдайды, NK- жасушаларын активтейді
және шеткері қанның митогенмен қоздырылған мононуклеарлық
140
жасушаларының көбеюін шақырады. ИЛ-15-тiң in vivo орындалатын
эффектiлерi толық зерттелмеген.