24
1-ші сурет. В-лимфоциттердің антигенге тәуелді дифференциялануы
үрдісі кезіндегі клонды-сұрыптау теориясы
Иммундық арнайылық феноменіне қатысты гипотездік құрылымдар
инструктивтік теорияларда көрсетілген.
Инструктивтік теориясы
бойынша арнайы иммундық серпілістер
қалыптасуында антигендер бастапқы орын алады, яғни антиген антидене
түзілуінде матрица болып табылады. Осы екі теорияға сәйкес барлық
иммуноглобулиндерде бірдей аминқышқылды қалдықтарының тізбектері бар,
яғни ағзада барлық антиденелер бастамасы бірдей. Антиденелер әртүрлі
антигендермен жанасқан кезде, антиген молекуласының пішініне сәйкестеніп
үшіншілік құрылымы өзгереді. Қазіргі уақытта бұл теориялар тек қана тарихи
мағлұмат
болып
қалды.
Молекулалық
биология
және
биохимияның
мәліметтеріне
қарама-қарсы
келеді,
яғни
нәруыздардың
арнайылығы
хромосомада
орналасқан
ДНК
нуклеотидтерінің
тізбектерінде
қадағаланғануымен, ал молекуласының үшіншілік құрылымы оның біріншілік
құрылымымен анықталатындығына және де сыртқы орта факторлардың әсерінен
қызметін жоғалтпай, еркін өзгермеуімен негізделген.
Т-лимфоциттер.
Бұл жасушалардың осылай аталуы олардың
соңғы
дамуы мен клон қалыптасуының негiзгi кезеңдерi тимуста өтедi
.
Иммундық жүйенің ең көп жасушалар популяциясы, қандағы және лимфа
түйiндерiндегi барлық лимфоциттердiң 80% құрап, ағзаның барлық
тіндерінде кездеседі. Бұл жасуша түрi -
Достарыңызбен бөлісу: