Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


тимус иммунитеттің жасушалық жүйесінің түзілуі



Pdf көрінісі
бет15/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

тимус иммунитеттің жасушалық жүйесінің түзілуі 
мен қызмет атқаруына жауапты иммундық жүйенің орталық мүшесі 
болып табылады.
Орталық мүшелерде лимфоциттердің дифференциялануы
көп 
мөлшерде гуморалдық күшейтулердің және жасушааралық өзара 
байланыс әсерінен жүреді, олар геномдағы бiрқатар өзгерiстердi 
шақырады. Ол 
лимфоциттер клонының
түзiлуiне әкеледi, яғни әрбiр клон 
белгiлi антигендiк детерминантқа (эпитоп) арналған. Сол себептен 


21 
лимфоциттердің барлық антигендерді тану қабілеті пайда болады. Бұл 
дифференциялану
 
антигендермен байланыссыз жүреді де 
антигенге 
тәуелсіз дифференциялану
деп аталады.
Сонымен, иммундық жүйенің орталық мүшелерінде ізашар 
жасушалардан Т- және В-лимфоциттердің түзілуі және олардың 
антигенге 
тәуелсіз 
дифференциялануы 
жүреді. 
Осы 
орталық 
мүшелердегі антигенге тәуелсіз дифференцияланудың ең негізгі 
нәтижесі лимфоциттер клондарының түзілуі болып табылады. В-
лимфоциттердің 
клоны 
сүйек 
кемiгiнде, 
ал 
тимуста 
Т-
лимфоциттердің клоны қалыптасады.
Лимфоциттер орталық мүшелерден қан және лимфа ағымы арқылы
 
шеткi мүшелерге
 
көшеді.

Иммундық жүйенің шеткі мүшелері 
Оларға: көкбауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары
аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер 
жатады. Бұл мүшелердiң тимусқа тәуелді (Т-лимфоцит) және тимусқа 
тәуелсіз (В-лимфоцит) аумақтарына лимфоциттер орналасады. Иммундық 
жүйенің шеткi мүшелер жүйесінiң ұйымдастыру негізінде жергілікті 
қағидалар жатыр: әрбір лимфоидтық мүше дененің белгілі бір бөлігін 
бақылайды, ол жерден оған лимфа келеді (лимфа түйіндері), немесе қан 
айдау жолдарында кедергі болады (көкбауыр) немесе ағзаның ішкі 
ортасын шектейтін кедергілермен тікелей байланысады (тері және 
шырышты қабаттармен байланысқан лимфоидтық тін). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет