Сүтқоректiлер мен адамдарда екi орталық мүшесi болады: сүйек кемiгi және тимус. Сүйек кемiгiнде В-лимфоциттердің клондары түзiледi, сондықтан сүйек кемiгi гуморалдық иммунитет жүйесiнiң (В- жүйесi) орталық мүшесi болып саналады. Ал, тимуста Т- лимфоциттердің клондары түзiледi, ол жасушалық иммунитет жүйесiнiң (Т- жүйесi) орталық мүшесi болып табылады. Сүйек кемiгi – иммундық жүйенiң қан айналымы мен орталық
мүшелердiң қызметтерiн бiрiктiретiн мүше, ол көп қабiлеттi бағаналы
жасушалардың, яғни барлық қан жасушаларының көзi болып табылады.
Көп қабiлеттi бағаналы жасушалардан (КҚБЖ) пайда болатын
жасушалар:
эритроидтық, одан эритроциттер түзiледi;
миелоидтық, одан
нейтрофилдер,
моноциттер,
базофилдер,
эозинофилдер
түзiледi;
мегакариоцитарлық – тромбоциттер түзiледi; лимфоидтық – екi
жасушалық сызық: Т-лимфоциттiң және В-лимфоциттiң iзашарлары пайда
болады.
Сүтқоректiлерде сүйек кемiгi В-лимфоциттердiң негiзгi түзiлу ортасы болып табылады. Гуморалдық иммунитеттiң орталық мүшесi алғашқыда құстарда –
Bursa Fabricius
– Фабрициус қапшығында табылған. Онда антидене түзетiн
лимфоциттердiң дамуы жүредi.
Даму орнына байланысты осы лимфоциттер В-лимфоциттер атына ие болды. Гуморалдық
19
иммунитеттiң барлық жүйесi В-жүйесi деп аталады. Кейiнiрек,
сүтқоректiлер мен адамдарда гуморалдық иммунитеттiң орталық мүше жүйесiнiң қызметiн сүйек кемiгi атқаратыны белгiлi болды. Ағылшынша ол Bone marrow деп аталады, демек В-жүйесi мен В-
лимфоциттердiң (бұрынғы және қазiргi) аталуы сәйкес келедi.