202
бөлiнуi азайады. Азатиоприн қолданған кезде аралас лимфоциттер
культура реакциясы (АЛК), Т-клеткалық цитотоксикалық серпіліс және
терiiшiлiк
сынамалар
сияқты
функционалды
иммундық
жауап
айтарлықтай азайады, ол Т-лимфоциттердiң жалпы саны азайғанын
куәлайды.
Кейбiр кезде басқа екi ингибиторларды да қолданады – олар
циклофосфамид
және
метотрексат
деп
аталатын
препараттар.
Циклофосфамид – ол ДНК тiзбегiне қондырылып және айқаса-әрекеттесiп,
ДНК тiзбегiн үзетiн алкилдеушi препарат. Бұл қасиетi әсiресе тез бөлiнетiн
жасушаларға қарсы өте эффективты, сондықтан қолданған кезде
циклофосфамид
сол
процесс
арқылы,
трансплантаттағы
Т-
лимфоциттерiнiң бөлiнуiн блоктайды. Метотрексат болса, фолий
қышқылының антагонисты сияқты пуриндардың биосинтезiн тежеу
арқылы әсерiн атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: