Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Анафилаксиялық шоктың патогенезi



Pdf көрінісі
бет216/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Анафилаксиялық шоктың патогенезi 
Аллергендi парентералды енгiзген жағдайда, патогенезi бойынша 
гиповолемиялық
шокқа ұқсас, анафилаксиялық шок дамуы мүмкiн. Бұл 
кезде қан қысымының күрт төмендеуi, тегiс салалы бұлшықеттердiң қатты 
жиырылуы байқалады, ал ол болса тыныс алу жолдары мен жүрек-қан 
тамырларының жеткiлiксiздiгiне әкеледi, көмей аймағындағы iсiнуi
науқастың тұншығып, жағдайының нашарлауына әкеледi. Жүйелi 
анафилаксиялық серпiлiстiң себебi көбiне
дәрiлiк заттардың қайта 
енгiзiлуi
(антибиотиктер, вакциналар, сарысулар, қан алмастырғыштар
анестетиктер және т.б.) және жәндiктердiң шағуы болып болады.
Кең тараған дәрiлiк аллергеннің мысалы пенициллин болып 
саналады, ол гаптен ретiнде ағзаның өз нәруыздарының амин тобымен 
байланысып, кешендiк антиген түзедi. Пенициллинмен байланысқан 
ағзаның өз нәруыздары кейбiр адамдарда гиперергиялық гуморалдық 
иммундық жауап туғызады. 
Анафилаксиялық шок тудыратын басқа дәрiлiк заттарға анестетик – 
новокаин және витаминдер жатады. 
Анафилаксиялық шоктың патогенезi атопияның патогенезiне
қарағанда күрделiлеу, ол 
екi иммунологиялық механизiмдi
iске қосады.
Бiрiншi 
механизм 
– 
атопияға 
ұқсас, 
яғни 
цитофилді
иммуноглобулиндердiң 
артық 
түзiлуiмен 
негiзделген. 
Иммуноглобулиндер капиллярларға жақын орналасқан базофилдер мен 
мес жасушалардың бетiндегi сәйкес рецепторлармен байланысады. 
Дегрануляция кезiнде бөлiнетiн ББЗ-тар 
капиллярлардың өткiзгiштiгiн 
жоғарылатады
нәтижесiнде қанның сұйық бөлiгi тiндерге шығып, 
iсiнуді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет