Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Атопияның зертханалық диагностикасы



Pdf көрінісі
бет215/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Атопияның зертханалық диагностикасы

Күмәндi аллергенмен терiiшiлiк сынама, 15-30 минуттан соң
серпiлiсті анықтау. 

Праусниц-Кюстнер сынамасы.
Денi сау, өзi келiскен адамға терi 
iшiне науқастың сарысуын енгiзедi. 12-24 сағаттан соң осы жерге күмәндi 
аллергендi енгiзiп, 15-30 минуттан соң серпiлiс нәтижесiн көредi. Науқас 
сарысуындағы IgE сау адамның терiсiнiң мес жасушасындағы Fc-
рецепторға жабысады. Осы жерге аллергендi енгiзгенде, аллерген мес 
жасушаның 
бетiндегi 
IgE-нiң 
Fab-фрагментiмен 
байланысып 
мес 
жасушаның дегрануляциясына әкеледi, қабыну серпiлiсiнiң пайда болуына 
ықпал етедi. 

Зертханалық 
жануарлардың 
мес 
жасушалары 
мен 
базофилдерiнiң дегрануляциясы
(теңiз шошқасының, тышқанның мес 
жасушалары, қоянның базофилдерi). Жануардың қанынан немесе құрсақ 
iшiндегi сүйықтығынан жасушаларды бөлiп алып, физиологиялық 
ерiтiндiмен 
суспензияны 
жуып, 
белгiлi 
мөлшердегі 
суспензияны 
дайындайды. Осы жасушалардың суспензиясына науқастың сарысуын 
құяды, бiр сағат инкубацияланғаннан соң күмәндi аллергендi қосады. 15-
30 минуттан соң тiршiлiгiн жоймай бояумен бояп, микроскоп астында 
дегрануляцияны бақылайды. 
 

Радиоаллергосорбенттiк 
тест 
(РАСТ). 
Бұл 
әдiс 
науқас 
сарысуындағы белгiлi аллергенге қарсы IgE-нiң мөлшерiн анықтауға 
мүмкiндiк бередi. Полимерлi түйiршiктерге аллергендi жабыстырып, 
науқастың қан сарысуын қосады, бiр сағаттық инкубациядан соң осы 
пробиркаға радийбелсендi изотоппен (көбiне 131-йод) белгiленген анти-
иммуноглобулин Е қосады. Түзiлген iрi кешендi центрифугалау арқылы 
тұндырады, тұнбаны байланыспаған изотоптан жуып, тазартып, сосын 


220 
оның радий белсендiлiгiн өлшейдi. Ол науқастың қан сарысуындағы 
берiлген аллергенге арнайы IgE-нiң мөлшерiне сайма-сай келедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет