Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Бiрiншiлiк ИТЖ болжам диагностикасы



Pdf көрінісі
бет254/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Бiрiншiлiк ИТЖ болжам диагностикасы 
Бiрiншiлiк ИТЖ барлық түрлерiнiң жалпы ерекшелiгi қайталамалы 
созылмалы жұқпалар болып табылады. Бiрiншiлiк ИТЖ барлық түрлерiнiң 
жалпы 
көрiнiсi 
оппортунистикалық 
немесе 
шартты-патогендi 
микроорганизмдермен, яғни төменгi вируленттi флорамен шақыратын, 
әртүрлi мүшелер мен тiндердi зақымдайтын, қайталамалы созылмалы 
жұқпалардың болуы. Бiрiншiлiк ИТЖ жиi организмнiң басқа да 
жүйелерiнiң 
анатомиялық 
және 
функционалдық 
бұзылыстарымен 
ассоциацияланған және зертханалық - иммунологиялық зерттеулер 
қолданбай жаңа туған нәрестелерге болжам диагноз қоюға болатын, кейбiр 
ерекшелiктерi бар.
Бiрiншiлiк 
ИТЖ 
бар 
екенiн 
күмәндандыратын 
физикалық 
зерттеулердiң мәлiметтерi мына кестеде көрсетілген (9-кесте): 
9-кесте

Бiрiншiлiк 
ИТЖ 
бар 
екенiн 
күмәндандыратын 
физикалық зерттеулердiң мәлiметтерi 
Зерттеудiң мәлiметтерi 
Болжам диагноз 
Жүректiң туа пайда болған ақаулары, гипопаратиреоидизм, 
типтiк бет 
Ди Джорджи 
синдромы 
Суық абсцесстер, типтiк бет, өкпенiң ауалы кистасы 
(жыланкөз) 
Гипер-IgE -
синдромы 
Экзема + тромбоцитопения 
Вискотт-Олдрич 
синдромы 
Атаксия + телеангиоэктазия 
Луи-Барр синдромы 
Көздiң және терiнiң жартылай альбинизмi, фагоциттердегі 
алып гранулалар 
Чедиак-Хигаси 
синдромы 


252 
Рентгеноскопияда тимус көлеңкесiнiң болмауы, қабырғаның 
дамуындағы ақаулар
Аденозиндезаминаз
а ақауы 
Кандидамен терiнiң және шырыштың зақымдануы, 
аутоиммундық эндо- кринопатиялар 
Созылмалы терiлiк-
шырышты 
синдромы 
Бiрiнiшiлiк ИТЖ кездесетiн нәрестелер жиi дамуында ешқандай 
ақаусыз туылады.
1,5-2-4 ай өткеннен кейiн немесе одан ерте кезде, белгiлi иммундық 
жетiспеушiлiктi көрсететiн, аурудың алғашқы симптомдары байқалады: 
1.
Балаларда бертегiс емес, түсiнiксiз дене температурасының 
көтерiлуi, ауыр жұқпаларға бейiмдiлiк пайда болуы, кейiн ауру созылмалы 
түрiне ауысуы.
2.
Ауыз қуысының және жұтқыншақтың емге көнбейтiн ауыз уылуы 
(молочница). 
3.
Iрiңдi отит, синусит, бронхит (бронхопневмония) триадасы; сирек 
сепсистiң кездесуi. 
4.
Жанұялық анамнез:
-
Жаңа туған және емшектегi нәрестелер өлiмiнiң түсiнiксiз 
жағдайлары;
-
қандас ағайындар арасындағы некелер; 
-
жасанды түсiк жасаулар (аборт); 
-
жанұясында бiрнеше аурулардың болуы: аллергия (сүтке және 
т.б.), коллагеноздар (ЖҚЖ, РА), эндокринопатиялар (қант диабетi, 
Аддисон ауруы), қан ауруы (аутоиммунды гемолитикалық анемия), қатерлi 
iсiктер (лимфомалар, саркомалар, Ходжкин ауруы). 
5.
Жұқпалардың ұзақтығын, қайталануын және орналасуын талдау. 
6.
Тiрi вакциналармен егу жасағанда, қалыптыдан тыс серпiлiстердiң 
пайда болуы. 
Көрсетiлген белгiлерi бойынша, қауiп-қатер тобына жататын 
нәрестелер, иммундық статусқа баға беретiн жан-жақты клиникалы- 
зертханалық тексерулерден өтуi тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет