251
-
жұтқыншақ және көмейдiң шырышты қабаттары.
Iшектiң шырышты қабатының iсiнуi iш түйiлуiнiң себебi болуы
мүмкiн, ал жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатының iсiнуi
асфиксияға әкелуi мүмкiн.
Ангионевроздық iсiнудiң ұзақтығы 24-72
сағат құрайды, сонымен,
тез жойылатын аллергиялық iсiнуден айырмашылығы болады.
Емi:
-
жаңа мұздатылған плазманы құю;
-
рекомбинантты С1ИНА-ны енгiзу;
-
кортикостероидты гормондарды қолдану;
-
эндотрахеалдық интубация;
-
трахеостомия.
С3b (C3bИНА) ингибиторларының тапшылығы
Бiрiншiлiк ИТЖ өте сирек кезедесетiн түрi. Тұқымқуалау түрi
аутосомды-рецессивтiк.
С3 инактивациясының қабiлетсiздiгi осы компоненттiң бақылаусыз
активациясына әкеледi, нәтижесiнде – қан сарысуында оның мөлшерi азаяды. С3
өзiндiк тапшылығында байқалатын симптомдарына ұқсайды, жиi бактериялық
жұқпалар басым болады.
Емi:
жаңа мұздатылған плазманы құю. Ол уақытша С3 және C3bИНА деңгейiн
жоғарлатады, Бiрақ С3
ыдырату жылдамдығы өте жоғары,
сондықтан да терапевттiк
тиімділігі айқын емес.
Достарыңызбен бөлісу: