Байланысты: shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk
Қазіргі
кезде ауруханаішілік госпиталды жұқпалардың -
медициналық мекемелерде болатын қоздырғыштар шақырған жұқпалы
үрдістердің жиілігі өсуде.
Госпидалды жұқпалар келесі себептерден пайда болады:
Біріншіден , науқастың негізгі ауруы екіншілік иммундытапшылықты
бұзылыстарды шақырады.
Екіншіден , көптеген дәрілік заттар (антибиотиктер, сульфаниламидтер және
т.б.) аутомикрафлораның қарапайымдалуына себепкер болады, антибактериалды
терапияға резистентті, патогенді штамдардың селекциясын индукциялайды және
екіншілік ИТЖ – ның құрылуына қатысады.
Үшіншіден , нуқастардың микроорганизмдердің госпиталды штаммдарымен
жұқпалануы жоғарылауы үлкен қауіп төндіреді. Ауруханаішілік жұқпаларға 2000 –
нан астам патогенді және шартты – патогенді микроорганизмдер жатады, олар
аурухана
ішінде
ондаған
жылдар
бойы
өмір
сүріп,
кейде,
көптеген
антибактериалды
препараттарға
бірдей
полирезистентті
болады.
Оларға:
стафилококктар, көкіріңді таяқша, псевдомонадалар, респираторлық энтеро және
ротавирустар, гепатит А вирусы, анаэробты бактериялар
,
көгеру және ашытқы
саңырауқұлақтары, легионеллалар және т.б. жатады.
Төртіншіден , бүгінгі медицинаға сәйкес инвазивті агрессия - 3000 – нан
астам түріндегі манипуляциялық кіріспелер қолданылады – катетеризация,
бронхоскопия,
плазмоферез,
зондтау
және
т.б..
Медициналық
күрделі
аппараттардың (наркоздық, жасанды қанайналым аппараттары, оптикалық
техника) ішілік контурлары нашар дезинфекцияланып госпиталды жұқпалардың
себебі болуы мүмкін.