Сонымен қатар, онкологиялық аурулар кезінде
дамитын екіншілік ИТЖ
жеке топты құрады. (“Ісікке қарсы иммунитет” бөлімін қараңыз).
Ятрогендік факторлар
Екіншілік иммундытапшылықтардың қалыптасуына ятрогендік
факторлар да қатысуы мүмкін. Оларға, біріншіден,
дәрілік препараттар
жатады.
Көптеген
эксперименталды
жұмыстарда
және
клиникалық
тәжирибелерде
цефалоспориндік
және
фторхинолондық
тізбектің
антибиотиктерінің
, левомицетиннің, стрептомициннің, тетрациклиннің,
туберкулезге
және
саңырауқұлақтарға
қарсы
антибиотиктердің
иммундыдепрессиялық әсері
табылған.
Сонда антибиотиктердің ең айқын иммундыдепрессиялық
әсерлері
ретінде вирустарға қарсы иммунитеттің төмендеуі, Т-лимфоциттердің
функционалды
белсенділігінің тежелуі, нейтрофилдер мен макрофагтардың
фагоцитарлық белсенділігі азаюы жүзеге асады.
Онкологиялық, лимфопролиферативті және аутоиммундық аурулардың
ем шарасы ретінде, сонымен қатар трансплантация
кезінде қолданылатын
дәстүрлі
иммунодепрессанттар мен цитостатиктер
иммуносупрессиялық
әсер көрсетеді.
Күшті иммундысупрессиялық әсер
кортикостероидті гормондармен
емдеу кезінде де байқалады. Физиологиялық
концентрациялардан тым
жоғары мөлшерлерде кортикостероидті гормондар иммундыхабарлы
жасушалардың миграциясы мен рециркуляциясын тежейді,
белсенділіктерін
басып тікелей лимфоцитотоксикалық әсер көрсете алады.
Достарыңызбен бөлісу: