14 кесте. Денi сау адамдардағы иммуноглобулиндердiң көрсеткiшi
Егер де иммунограмманың бiр немесе бiрнеше көрсеткiштерi қалыпты
деңгейiнен төмен болса, осыған негiзделе отырып, адамда иммунды
тапшылық жағдай бар деп айтуға бола ма? Жоқ, себебi бұл уақытша серпiлiс
әртүрлi сыртқы әсерлерден болуы мүмкiн, сондықтан да иммунограммада
анықталған өзгерiстiң қаншалықты тұрақты екенiн бiлу үшiн, зерттеудi 2-3
аптадан кейiн қайталау қажет.
Иммунологиялық көрсеткiштiң төменеуi ағзаның қорғаныс қызметiнiң
төмендегенiн көрсетедi, яғни ол клиникалық көрiнiстермен мiндеттi түрде
байқалады.
Қандағы
фагоцитоздық
жасушалардың
функционалды
белсендiлiгiнiң және санының төмендеуi созылмалы iрiңдi серпiлiсi бар
науқастарда жиi кездеседi. Белгiлi аурулардың iшiндегi ең ауыр жағдай –
ЖИТС-тiң вирустық ауруларында Т-лимфоциттiң ақауы көрiнедi. Адамның
иммунды тапшылық вирусы тек Т-хелперлердi таңдап зақымдайды,
Жасы (жылы) Ig G мг/мл
Ig M мг/мл
Ig A мг/мл
15-45
5,4 - 16,1
0,5 - 1,9
0,8 - 2,8
45 және одан
жоғары
5,3 - 16,5
0,5 - 2,0
0,8 - 4,0
сондықтан Т-хелперлер санының төмендеуi нәтижесiнде, Т-лимфоциттердiң
жалпы саны төмендейдi. Ол Т-хелпердiң санының төмендеуiне және жалпы
лимфоцитопенияға әкеледi. Себебi Т-хелперлер жұқпаға және iсiктiк өспеге
қарсы иммунды жауаптың реттелуiне қатысады, олардың төмендеуi
жұқпалар мен iсiктiң дамуына әкеледi, сондықтан ЖИТС-пен ауыратын
науқастар осыдан өлiмге шалдығады. Осы аурудың ерте белгiлерi
иммунограммада
Т-лимфоциттер
субпопуляцияларының
қалыпты
арақатынасының бұзылуымен байқалады.
Иммундық
тапшылықтың
құрылыстық
критериясы
зертханалық
тексерулерде Т- және В-лимфоциттер популяцияларының қызметiн және
құрамының 20% және одан да төмендеуi, бұл кезде арнайы емес қорғаныс
факторлардың деңгейi қалыптыдан 10% және одан да төмендеуiмен
сипатталатын зертханалық көрсеткiштер болып табылады. Функционалды
иммундық тапшылық жағдайлардың болу критериясы Т- және В-
лимфоциттердiң 10% шамасында төмендеуi болып табылады, ал арнайы емес
қорғаныс факторлардың мөлшерi қалыпты шамасында немесе бiршама
жоғарлаған.
Иммунограммада төменделген көрсеткiштермен қатар, жоғарлаған
көрсеткiштердiң
анықталуы
да
дәрiгерлердi
күмәндәндырады.
Көрсеткiштердiң жоғарылауы ағзаның адаптациялық серпiлiсi деп қарауға
болады. Мысалы, қандағы лейкоциттер санының жоғарылауы - лейкоцитоз,
ол жедел қабынуға, соның iшiнде жедел жұқпаларға тән. Бактериалды
жұқпаларда сүйек кемiгiнде гранулоциттер өнiмдерi жоғарылайды: қанда
олардың таяқшатәрiздi ядросы бар пiсiп-жетiлмеген түрлерi кездеседi.
Вирусты жұқпаларда қанда лимфоциттер саны жоғарылайды (лимфоцитоз),
ол вирустарға қарсы иммунитетте маңызды рөл атқарады.
Жұқпалы аурулар кезiнде қанда IgG және IgM деңгейлерiнiң жоғарласа,
ол қоздырғыш антигендерiне қарсы белсендi иммундық жауаптың белгiсi
ретiнде оң деп бағаланады. Аутоиммундық аурулары бар науқастардың
қанында осы иммуноглобулиндер деңгейiнiң жоғарлауы, аутоагрессияның
күшейтетiн, организмнiң өзiнiң антигендерiне қарсы аутоантиденелер
өнiмдерiнiң көбею белгiсi, болжамы қолайсыз деп бағалайды.
Иммунограмманың бiркелкi нәтижесi әрқашанда болуы мүмкiн емес.
Бiрақ иммунограмма иммунологиялық ақауды орналасуын нақтылайды және
де сәйкес орынбасушы немесе иммунитеттi реттейтiн терапияның
жүргiзуiнiң негiзi болып табылады. Аллергиялық және жұқпалы аурулардың
емi осы иммунограмманың динамикасына сәйкес негiзделген. Иммунограмма
организмнiң иммунды жүйенiң қызметiн және жағдайын көрсететiн өзiндiк
экран болып табылады.
Мысалы, IgG
және IgM иммуноглобулиндер жеткiлiксiздiгiнiң
анықталуы, донор қанынан дайындалған иммуноглобулин препараттарын,
көк тамырға енгiзу көрсеткiшi деп қарастырылады. Т-лимфоциттер ақауы
табылған кезде құрамында тимус пептидтерi бар бұзау тимусының
тiндерiнен жасалған емдiк препараттарды қолданады, ол Т-лимфоциттердiң
дифференцировкасына және белсендiлiгiне себепкер болады. Плазмаферез,
қанда жиналған иммунды кешендердi, қабыну алды цитокиндердi және т.б.
компоненттерiн
элиминациялау
әдiсi
ретiнде
мiндеттi
түрде
иммунограмманың бақылауы арқылы жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |