Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


-ші сурет. Иммундық талдау әдісі



Pdf көрінісі
бет303/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

41-ші сурет. Иммундық талдау әдісі 
Құралдар тек қана «көрмейдi», сонымен бiрге белгiлердiң санын 
өлшейдi. Белгiлер ретiнде, белгiлi жағдайларда құрал немесе адамның көзi 
арқылы көрiнетiн заттар қолданады. Оларға жататындар:

радионуклеидтер, бұл жағдайда 
талдауды радиоиммундық деп атайды 
(РИТ);
 

түстi немесе флюоресценттi өнiмдердi түзу арқылы субстраттың 
айналуын катализациялайтын ферменттер. Осындай талдауды 
иммунды 
ферменттiк (ИФТ)
немесе, иммунофлюоресценттi деп атайды; 
 

флюоресценттi немесе люминесценттi заттар және т.б.
 
Радиоиммундық талдау әдiстерi (РИТ)
өткен ғасырдың 70-шы 
жылдарында дайындалған. Бұл әдiстер сұйық ортада болатын, төменгi 
концентрациядағы (нанограммды, кейбiр кезде пикограммды санын) әр түрлi 
қосылыстардың, 
соның 
iшiнде 
антиденелердiң, 
антигендердiң, 
цитокиндердiң, рецептордың ерiгiш түрiнiң, нәруызды және стероидтық 
гормондардың және т.б. дәл санын анықтау үшiн өте қажет.
РИТ жүйеге енгiзiлген, антигендерге қарсы арнайы антиденелердiң 
шектелген санына, зерттелетiн (белгiленбеген) антигеннiң белгiленген 


антигеннiң (антигендi 
131
I, 
3
H изотопымен белгiлейдi) қажет санымен 
бәсекелесу феноменiмен негiзделген. Зерттелетiн сұйықтықта анықталатын 
антиген көп болса, онда белгiленген антиген антиденелермен аз 
байланысады, Неғұрлым зерттелетiн сұйықтықта анықталатын антиген саны 
көп болса, соғұрлым аз мөлшерде белгiленген антиген антиденелермен 
байланысады және де көп мөлшерде ерiтiндiде қалады. 
 Иммунды ферменттiк талдау (ИФТ).
Бұл әдiс, РИТ-тiң қағидасына 
сәйкес негiзделген, тек бұл кезде радиоактивтi белгiлердiң орнына ферменттi 
(хрен пероксидазасы, сiлтiлi фосфатаза, глюкозидаза) қолданады. Осы 
ферменттiң әсерiнен, бояуы өзгерген субстраттың негiзiнде, серпiлiске 
түскен белгiленген антидене немесе антигеннiң саны анықталады. ИФТ 
сынама-жүйесiнiң антиденелерi (поликлонды және әсiресе моноклонды) 
үшiн аналитикалық нысана ретiнде А, М, G, E иммуноглобулиндерi, 
гормондар (нәруыздық және стероидты табиғаты бар), тасымалдаушы және 
құрылымдық нәруыздар, липопротеиндер, гликопротеиндер және көптеген 
басқа да жоғары молекулалық биологиялық қосылыстар болып табылады.
Сезiмталдығы және арнайлығы бойынша РИТ және ИФТ ұқсас, себебi, 
осы көрсеткiштер белгiлердiң сапалығымен емес, антиденелер және 
антигендермен анықталады. Бiрақ РИТ-ға қарағанда ИФТ кеңiнен 
қолданады, себебi ИФТ үшiн реагенттер мәндi:
-
сақтау және тасымалдау кезiнде тұрақты;
-
РИТ-ға қарағанда қауiпсiз, өйткенi РИТ кезiндегi радионуклеидтердi 
қолданады. Ол үздiксiз сәулелендiредi, және оның радиациялық 
белсендiлiгi уақыт өте үздiксiз өзгередi, себебi нәруыздарды белгiлеу 
кезiнде радионулидтi йод жиi қолданылады, оның ыдырау кезеңi қысқа 
болады және реагенттердi айына бiр рет жаңартып отыру қажет;
-
нәтиженi субъективтi (микроскопия) арқылы емес, аспап арқылы 
бақылау 
(фотометрия). 
Басқа 
иммунологиялық 
әдiстермен 
салыстырғанда, ИФТ-ды қолдана отырып, техника жағынан оңай және 
тура талдауын көрсетедi. ИФТ-да нәтиженiң өндiрiлуi
 
және өнiмдiлiгi 
жоғары – бiр уақытта 96 талдау жүргiзуге болады.
ИФТ негiзiнде екi биологиялық феномен жатыр – антиденелердiң 
жоғары арнайылығы (яғни, байланысқан антиген/эпитопты қатаң басқару
 
қабiлетi бар) және химиялық серпiлiстiң ферменттермен көп мәрте күшейту.
Әдiстi өңдеу үрдiсiнде ИФТ-дың гетерологиялық (қатты фазалық) және 
гомогендi варианттары құралған. Әдiстiң гомогендi варианты төменгi 
молекулалық заттарды анықтауға арналған, ол байланысу сипатына қарай, 
ферменттердiң белсендiлiк айырмашылығын табуға негiзделген. Гетерогендi 
вариантта антиген немесе антидененi қатты фазада иммобилизациялайды. 
Қатты фаза ретiнде жиi қолданылатын – пластик. Ол иммунологиялық 
серпiлiсте планшеттiң лункаларын,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет