115
Жоғарыда
келтiрiлген мысалда
Т-лимфоциттердiң хелпер мен
супрессор субпопуляцияларына бөлiнуi салыстырмалы екендiгi өте
жақсы көрсетiлген. Бiр жасуша бiр иммунологиялық үрдiс үшiн
хелперлiк қызмет көрсетсе, сол уақытта басқа бiр үрдiс үшiн супрессор
болуы мүмкiн.
Бұл жағдайды айқындайтын мысалдарды келтiрейiк:
Тх1 мен Тх2 субпопуляциялары бiр-бiрiнiң қызметiн тежейдi, яғни
олар бiр-бiрiне супрессор болып табылады:
Тх1өндiретiн
IFN-
Тх2 түзiлуiн тежейдi және ИЛ-4 цитокинiнiң IgE
өндiрiлуiн ынталандыратын әсердi төмендетедi. Сондай-ақ Тх2
өндiретiн ИЛ-4, 5, 10, 13 цитокиндерiнiң де өндiрiлуi тежеледi.
Тх2 өндiретiн ИЛ-4, 10, 13 Тх1 түзiлуiн
және олармен өндiрiлетiн
цитокиндердiң түзiлуiн тежейдi. ИЛ-4 және ИЛ-10 әсерiнен ИЛ-2 мен
IFN-
өндiрiлуi
тежеледi.
ИЛ-10
(қабыну
алды
цитокинi)
макрофагтардың қызметiн тежей отырып,
олармен өндiрiлетiн қабыну
алды цитокиндерiнiң түзiлуiн (ИЛ-1, 6, 8, 12, TNF-
, ФУМ) тежейдi.
ИЛ-12 өндiрiлуiнiң тежелуi (ол Тх0-жасушасынан Тх1-жасушасы
бағытында дифференциялануда басты қызмет атқарады) Тх1 түзiлуiнiң
төмендуiне әкеледi.
Достарыңызбен бөлісу: