Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет115/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Тх2-жасушасымен 
байланысты 
иммундық 
механизмдерге 
макрофагтар, Тх1 және NK-жасушалары супрессор болып табылады.
Аталған жасушалардың Тх2-жасушасына қарсы супрессорлық әсерi 
олармен өндiрiлетiн цитокиндермен (ИЛ-12 және IFN-

) байланысты. Бұл 
цитокиндер Лангерганс жасушаларының (олар лимфоидты тiндерге қарай 
жылжып 
келiп, 
сол 
жерлерде 
антигендердi 
Тх2-жасушысына 
таныстыратын дендриттi жасушаға дифференциацияланады) белсендiлiгiн 
тежейдi. Сондай-ақ бұл цитокиндер Тх0-жасушасынан Тх1 түзiлуiне ықпал 
етедi. 
Нәтижесiнде 
Тх2-жасушасына 
тәуелдi 
барлық 
иммундық 
механизмдер тежеледi. 
Иммунологиялық төзiмдiлiк 
Иммунологиялық төзiмдiлiк дегенiмiз – белгілі бір антигенмен 
шақырылған және осы антигенге арнайы иммунологиялық жауаптың 
болмауы (ареактивтілік). 
Ал басқа антигендерге қалыпты иммундық 
жауап сақталады. Төзімділік иммундық тапшылық жағдайлардан мүлдем 
өзгеше, себебі иммундық тапшылық жағдайлар кезінде иммундық жүйенің 
бұзылыстары салдарынан көпшілік антигендерге иммундық жауап 
қалыптаспайды немесе төмендейді. 
Төзiмдiлiк құбылысын теориялық түрде алғаш рет Ф. Бернет 
тұжырымдады. Клон-сұрыптау теория бойынша эмбрионалды кезеңде
ағзаның антигендерімен әрекеттесуге қабiлетi бар лимфоциттер клоны 
элиминацияланады. Тек «бөгде» антигендерге жауап бере алатын 
лимфоциттер клоны ғана қалады. Қорыта айтқанда, организмнiң “өзiнiң” 
антигендерiне ареактивтiлiк – иммунологиялық төзiмдiлiк қалыптасады. 


116 
Осы көзқарастан айтқанда 
иммунологиялық төзiмдiлiк дегенiмiз – 
белгiлi антигенмен кездесу нәтижесiнде түзiлген, осы антигенге арнайы 
және осы антигенге жауап беретiн лимфоциттердiң клонының 
болмауымен сипатталатын иммунологиялық ареактивтiлiк. 
70-шi 
жылдары 
Т-супрессорлардың 
ашылуына 
байланысты, 
иммунологиялық төзiмдiлiк – “белгiлi антигенге иммундық жауаптың 
болмауы оған қарсы жауап беретiн жасушалардың болмауы емес, ол Т-
супрессорлардың жұмысымен қалыптасатын активтi жағдай деп есептелдi 
(Р.В. Петров). Организмде аутореактивтi клондардың бiраз мөлшер 
болады, бiрақ олардың қызметiн Т-супрессорлардың сәйкес клондары 
басады деп есептелдi. Осы позициядан қарағанда аутоиммундық үрдістер 
кезiндегi 
төзiмдiлiктiң 
бұзылуы 
Т-супрессорлардың 
қызметiнiң 
төмендуiмен түсiндiрiлдi.
Қазiргi кездегi эксперименталды және теориялық мәлiметтердi 
жинақтай келе иммунологиялық төзiмдiлiктiң проблемалары бiршама 
күрделендi. 
Бiрiншiден, тимуста аутореактивтi клондардың терiс сұрыпталу 
нәтижесiнде жойылатынының молекулярлы механизмдерi анықталды. 
Сондай-ақ, В-лимфоциттердiң де аутореактивтi клондары сүйек кемiгiнде 
жойылады. 
Тимуста 
iТ-лимфоциттер 
антигентанушы 
рецептор 
көмегiмен 
меншiктi антиген молекулаларын МНС нәруыздарымен комплекс түрiнде 
АТЖ-ның бетiнде анықтайды да, тек бiрiншi – арнайы белгiнi алады. iТ-
лимфоциттер функционалды жетiлмеген жасуша болғандықтан екiншi – 
костимулдаушы белгiнi ала алмайды, бұл белгi жасушыны апоптоздан 
сақтайды. Нәтижесiнде меншiктi антигендерге жауап бере алатын Т-
лимфоциттер клоны апоптоздан жойылады. Ал, “бөгде” антигендермен 
әрекеттесуге қабiлетi бар қалған клондар тимустан шығып периферияға 
жылжиды. 
Сүйек кемiгiнде де, В-лимфоциттердiң дифференцировкасы аяқталған 
кезде жоғарыда көрсетiлген сұрыпталу жүредi. В-лимфоциттердiң 
жетiлмеген клондарының бетiнде IgM-рецепторлары ғана бiраз мөлшерде 
болады, ол рецепторлар меншiктi антигендерге арнайы болып табылады, 
сондықтан сол антигендермен байланысқан кезде блокада қалыптасады. 
Өздерiнiң жетiлмегенiне байланысты В-лимфоциттер екiншi белгiнi ала 
алмайды 
(бұл 
белгi 
В-лимфоциттердiң 
пролиферациясы 
мен 
дифференцировкасын 
ынталандырады), 
нәтижесiнде 
В-лимфоциттер 
клоны апоптозға кетедi немесе анергия жағдайына ұшырайды. Қазiргi 
кезде 
иммунологтардың 
көпшiлiгi 
иммундық 
жүйесiнiң 
орталық 
мүшелерiндегi 
дифференцировка 
үрдісі 
кезiндегi 
аутореактивтi 
клондардың жойылуы
 
– 
клонды делеция – табиғи төзiмдiлiктiң негiзгi 
механизмi деп есептейдi. Бiрақ, терiс сұрыпталу нәтижесiнде Т-, В-
лимфоциттердiң клонды делециясы өткенiмен, табиғи төзiмдiлiктiң 
түзiлуiнде басты қызметтi аутореактивтi Т-хелперлердiң жойылуы 
атқарады. 
Осылайша 50-шi жылдары Ф. Бернет ұсынған клон-дефициттi 
механизм дәлелдендi. Қазiргi кезде аутореактивтi клондар бүкiл өмiр бойы 


117 
пайда болуы мүмкiн деп есептелiнедi. Бiрақ, бұл аутореактивтi клондар 
иммунитеттiң орталық мүшелерiнде терiс сұрыпталу кезiнде жойылады. 
Екiншiден, 
иммундық жүйенiң шеткi мүшелерiнде жұмыс атқаратын 
бiр қатар реттегiш механизмдер анықталды. Ол механизмдердiң 
бұзылыстары төзiмдiлiктiң бұзылуына және аутоиммундық аурулардың 
пайда болуына әкелуi мүмкiн. Сонымен, 
орталық тимусiшiлiк терiс 
сұрыпталудан басқа шеткерi механизмдер де бар, олар бiр-бiрiн 
толықтырады немесе қайталайды. 
1. Шеткерi механизмдерге антигентаныстырушы жасушалардың 
(макрофагтар мен В-лимфоциттер) қызметi жатады. Бұл жасушалар 
қалыпты 
жағдайда 
Т-хелперлердiң 
негiзгi 
костимуляторы 
болып 
табылатын В7 нәруызын синтездемейдi. 
Барлық 
аутоантигендер 
тимусқа 
түспеуi 
мүмкiн 
деп 
Т-
лимфоциттердiң 
антигентәуелсiз 
дифференцировкасы 
бөлiмiнде 
ескерiлген. Сондықтан, терiс сұрыпталу үрдісінен кейiн кейбiр 
аутореактивтi 
клондар 
қан 
айналымына 
шығып, 
аутоиммундық 
агрессияның себебi болуы мүмкiн. Бiрақ, меншiктi антигендi таныған iТ-
лимфоциттердiң активациясы үшiн АТЖ-дан екiншi белгi түсуi керек, егер 
де бұл белгi түспесе, аутореактивтi клон шеткi мүшелерде жойылады. 
Организмнiң ескiрген жасушаларын бауырдың купфер клеткалары
макрофагтар және көк бауырдағы В-лимфоциттер утилизациялайды. Бұл 
үрдіс кезiнде аталған жасушалар меншiктi антиген эпитоптарын жасуша 
бетiне алып шағады. Бiрақ, бактериалды стимуляторларсыз бұл 
жасушалардың бетiнде В7 нәруызы экспрессияланбайды, сондықтан, 
аутореактивтi Т-хелперлер iске қосыла алмайды және аутоиммундық үрдіс 
дамымайды. Яғни, 
егер де организмде жұқпа ошағы болмаса 
макрофагтар мен В-лимфоциттердiң бетiндегi меншiктi антигендердi 
таныған аутореактивтi iТ-хелперлер, екiншi белгiнi ала алмау 
нәтижесiнде анергияға немесе апоптозға ұшырайды. Егер де организмде 
жұқпа ошағы болса, онда ол аутоиммундық аурудың пайда болуына жеңiл 
ықпал етедi. 
Бұл жағдай көптеген клиникалық және эксперименталды 
мысалдармен 
дәлелденген. 
Қорыта 
айтқанда, 
егер 
де 
меншiктi 
антигендермен қоса бактерия қабырғасының компонентерiн бiрге қосса, 
жануарларда аутоиммунды қ аурулар жеңiл дамиды. 
2. Екiншi шеткерi механизмге аутореактивтi клондардың жұмысын 
басатын супрессор-клеткаларының қызметi жатады. Супрессор-клеткаға 
CD8+ Т-супрессордан басқа, Тх1 және Тх2 жасушалары жатады. 
3. Шеткерi мүшелерде иммунологиялық төзiмдiлiктiң сақталуына 
антиидиотиптi антиденелер 
қатысады. Олар антигеннiң кеңiстiктегi 
құрылымын қайталай отырып және Т-лимфоциттердi арнайы белгiмен 
қамтамасыз ете отрырып, антигентанушы рецепторларының блогына 
әкеледi. Ал, екiншi костимулдаушы белгiнiң түспеуi салдарынан 
аутореактивтi клондар апоптоздан жойыладан. 
4. Соңғы кездерi 
аутореактивтi Т-киллерлердiң клондарының 
аутоантигендердi анықтау кезiнде апоптоз нәтижесiнде жойылуына 
көп 
көңiл бөлiнуде. Егер Т-киллердiң антигентанушы рецепторы организмнiң 
меншiктi антигенiмен I-ші класс МНС нәруыздарымен комплекс түрiнде 


118 
арнайы 
байланысса, 
активтенген 
Т-киллер 
Fas-лиганд 
нәруызын 
экспрессиялай 
бастайды 
(FasL), 
бұл 
нәруыз 
нысана-жасушының 
апоптозының басталуына қатысады. Т-киллерлер үнемi Fas рецепторлы 
нәруызын синтездейдi. Ал, Fas рецепторлы нәруызы FasL әрекеттесуi 
апоптозды шақырады. Егер екi активтенген аутореактивтi Т-киллер 
кездессе, олар бiр-бiрiн апоптоз арқылы жояды, ал бұл үрдіс 
аутоиммундық үрдістің дамуын тоқтатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет