Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Терiлiк-аллергиялық сынама



Pdf көрінісі
бет308/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Терiлiк-аллергиялық сынама


Күмәндi аллергенмен терi iшiлiк сынама қою, 15-30 минуттан соң серпiлiстi 
анықтау. 
Прастниц – Кюстнер сынамасы. 
Денi сау, өзi келiскен адамға терi iшiне науқастың сарысуын енгiзедi. 12-24 
сағаттан соң осы жерге күмәндi аллергендi енгiзiп, 15-30 минуттан соң 
серпiлiс нәтижесiн көредi. Науқас сарысуындағы IgE сау адамның терiсiнiң 
мес жасушасындағы Fc-рецепторға жабысады. Осы жерге аллергендi 
енгiзгенде, аллерген мес жасушаның бетiндегi IgE-нiң Fab фрагментiмен 
байланысып мес жасушаның дегрануляциясына әкеледi, қабыну серпiлiсiнiң 
пайда болуына ықпал етедi. 
Иммунды ферменттiк талдау
жалпы IgE деңгейiн бағалау және 
арнайы IgE деңгейiн анықтау үшiн қолданады. 
Әдiстiң қағидасы.
Зерттелетiн аллергендi қатты фазамен (қағаз дискiсi, 
активтелген полимер және т.б.) байланыстырады. Науқастың қан сарысуын 
қосқан кезде сарысуда берiлген антигенге қарсы антидене болса, онда 
аллерген 
қатты 
фазада 
бекiтiлген 
антиденелермен 
байланысады. 
Байланыспаған IgE-ден жуғаннан кейiн IgE қарсы флюорохроммен (хрен 
пероксидазасы) белгiленген антиденелердi қосады. Кешеннiң түзiлуi болады: 
аллерген, IgE және IgE қарсы антидене. Байланыспаған антиденелердi алып 
тастайды. Байланысқан арнайы IgE деңгейiн жарқырау қарқындығымен 
анықтайды.
 Шелли әдiсi 
(тiкелей және тiкелей емес) мес жасушаларына, 
базофилдерге бекiтiлген және олардың дегрануляциясын шақыратын 
аллергенге арнайы IgE анықтау үшiн қолданады.
Тiкелей емес әдiстiң қағидасы
науқастың қан сарысуы және арнайы 
аллергендердiң 
байланысуы 
нәтижесiнде 
мес 
жасушалары 
мен 
базофилдердің морфологиялық өзгерiстерiнiң зерттеуiне негiзделген. Басқа 
жасушалардан айыру үшін бейтарап қызыл бояу базофил түйіршіктерін 
өзгеше 
қоңыр-қызыл 
түске 
бояйды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет