Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет307/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 
 
 
 
Аллергиялық аурулардың диагностикасы 
Бүгiнгi күнде, халықтар арасында аллергизацияның жайылуына және 
гельминтоз жиiлiгiнiң жоғарылауына байланысты IgE мөлшерiн анықтау 
маңызды.
Қалыпты жағдайда қан сарысуында IgE мөлшерi жоғары болмауы керек. 
IgE қалыпты деңгейi әртүрлi халықтар тобының популяциялар арасында 
айырмашылықтар болуы мүмкiн (ер адамдарда IgE деңгейi 20-дан 60 жас 
аралығында 380 МЕ/мл, ал сол жастағы әйелдер арасында - 175 МЕ/мл жетуi 
мүмкiн). Бiрақ келтiрiлген көрсеткiштердi жуықтап қолдануға болады, және 
әр зертханаларда, қан сарысуындағы Ig E қалыпты концентарциясының 
шекарасын есептеу туралы кеңес берiледi. Мысалы, Алматы қаласында сау 
адамдардың сарысулық IgE деңгейi шамамен 40 МЕ/мл құраған, ал 
Будапештте - шамамен 135 МЕ/мл құрайды.
Сарысулық IgE өте жоғары концентрациясы паразитарлық ауруларда 
байқалуы мүмкiн. IgE деңгейiнiң жоғарылауы, аллергиялық риниттер
атопиялық бронх демiкпесi, атопиялық дерматит, жүйелi анафилаксия, 
ангионевротикалық iсiну сияқты аллергиялық аурулары бар науқастарда жиi 
кездеседi. 
Белгiлi бiр антигенмен кездескеннен кейiн, қалыпты IgG немесе IgM 
кластарының орнына жоғары мөлшерде IgE өндiрiлу қабiлетi генетикалық 
детерминанттылық белгiсi болып табылады және кейбiр жағдайда 
жанұясының бiреуiнде кездеседi. Осындай генетикалық ерекшелiгi бар 
кейбiр адамдарда аллергиялық ауру, мысалы, бронх демiкпесiнiң дамуына 
әкеледi. Қан сарысуында IgE деңгейiнiң жоғарылауын анықтаған жанұяда, 
аурудың дамуын болжауға болады. Кейбiр жағдайда атопия, көбiнесе
моносенсибилизация кезiнде, аурудың айқын симптомына қарамастан, IgE 
деңгейi аз мөлшерде жоғарылауы немесе деңгейi қалыпты болуы мүмкiн. 
Ересек адамдардың қан сарысуында Ig E концентрациясының келесi 
көрсеткiштерi тән: 

IgE концентрациясы 25 МЕ/мл тең немесе одан төмен болуы – 
атопиялық аурудың бар екенi күмәндi; 

IgE концентрациясы 25-100 МЕ/мл шамасында – атопиялық ауруды 
жоққа шығаруға болмайды; 

IgE концентрациясы 100 МЕ/мл жоғары – атопиялық аурудың болуы 
күмәнсiз, себебi, аллергенге арнайы IgE меншiктi мөлшерi жоғары және 
базофилдер рецепторына арнайы және арнайы емес IgE аз бәсекелестiгiмен 
түсiндiрiледi.
Аллергиялық аурулардың диагностикасында келесi лабораторлық 
әдiстер қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет