антигеннiң (антигендi
131
I,
3
H изотопымен белгiлейдi)
қажет санымен
бәсекелесу феноменiмен негiзделген. Зерттелетiн сұйықтықта анықталатын
антиген көп болса, онда белгiленген антиген антиденелермен аз
байланысады, Неғұрлым зерттелетiн сұйықтықта анықталатын антиген саны
көп болса, соғұрлым аз мөлшерде белгiленген антиген антиденелермен
байланысады және де көп мөлшерде ерiтiндiде қалады.
Иммунды ферменттiк талдау (ИФТ).
Бұл әдiс, РИТ-тiң қағидасына
сәйкес негiзделген, тек бұл кезде радиоактивтi белгiлердiң орнына ферменттi
(хрен пероксидазасы,
сiлтiлi фосфатаза, глюкозидаза) қолданады. Осы
ферменттiң әсерiнен, бояуы өзгерген субстраттың негiзiнде, серпiлiске
түскен белгiленген антидене немесе антигеннiң саны анықталады. ИФТ
сынама-жүйесiнiң антиденелерi (поликлонды және әсiресе моноклонды)
үшiн аналитикалық нысана ретiнде А, М, G, E иммуноглобулиндерi,
гормондар (нәруыздық және стероидты табиғаты бар),
тасымалдаушы және
құрылымдық нәруыздар, липопротеиндер, гликопротеиндер және көптеген
басқа да жоғары молекулалық биологиялық қосылыстар болып табылады.
Сезiмталдығы және арнайлығы бойынша РИТ және ИФТ ұқсас, себебi,
осы көрсеткiштер белгiлердiң сапалығымен емес,
антиденелер және
антигендермен анықталады. Бiрақ РИТ-ға қарағанда ИФТ кеңiнен
қолданады, себебi ИФТ үшiн реагенттер мәндi:
-
сақтау және тасымалдау кезiнде тұрақты;
-
РИТ-ға қарағанда қауiпсiз, өйткенi РИТ кезiндегi радионуклеидтердi
қолданады. Ол үздiксiз сәулелендiредi, және оның радиациялық
белсендiлiгi уақыт өте үздiксiз
өзгередi, себебi нәруыздарды белгiлеу
кезiнде радионулидтi йод жиi қолданылады, оның ыдырау кезеңi қысқа
болады және реагенттердi айына бiр рет жаңартып отыру қажет;
-
нәтиженi субъективтi (микроскопия) арқылы емес, аспап арқылы
бақылау
(фотометрия).
Басқа
иммунологиялық
әдiстермен
салыстырғанда,
ИФТ-ды қолдана отырып, техника жағынан оңай және
тура талдауын көрсетедi. ИФТ-да нәтиженiң өндiрiлуi
және өнiмдiлiгi
жоғары – бiр уақытта 96 талдау жүргiзуге болады.
ИФТ негiзiнде екi биологиялық феномен жатыр – антиденелердiң
жоғары арнайылығы (яғни, байланысқан антиген/эпитопты қатаң басқару
қабiлетi бар) және химиялық серпiлiстiң ферменттермен көп мәрте күшейту.
Әдiстi өңдеу үрдiсiнде ИФТ-дың гетерологиялық (қатты фазалық) және
гомогендi варианттары құралған. Әдiстiң
гомогендi варианты төменгi
молекулалық заттарды анықтауға арналған, ол байланысу сипатына қарай,
ферменттердiң белсендiлiк айырмашылығын табуға негiзделген. Гетерогендi
вариантта антиген немесе антидененi қатты фазада иммобилизациялайды.
Қатты фаза ретiнде жиi қолданылатын – пластик. Ол иммунологиялық
серпiлiсте планшеттiң лункаларын,
Достарыңызбен бөлісу: