Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет60/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

моноклонды 
антиденелер
деп атаймыз. Тәжрибелердiң көрсетуiне қарай, гибридомалар 
мен қолданған барлық жасушалар бiркелкi антиденелер синтездеуiн 
барлық параметрлер бойынша бұл антиденелер абсолюттi ұқсас, яғни 
моноклонды антиденелердi тек ғана моноклонның өнiмi ғана емес, 
сонымен бiрге бұл бiркелкi иммуноглобулиндердiң таза препараты. 


59 
Моноклонды антиденелер бiр изотипке, бiр аллотипке жатады және 
оларда бiрдей өзгермелi аймақтары, құрамы және идиотипi болады.
1984 жылдың ақпан айында Г.Келлер мен Ц.Мильтштейн «in vitrо» 
моноклонды антиденелер алудың гибридомалық технологиясын ашқан 
үшін Нобель сыйлығына ие болған.
Қазiргi 
кезде 
моноклонды 
антиденелердi 
дүние 
жүзiндегi 
фармацевтикалық өндірістерінде шығарады, өйткенi олар иммунологиялық 
зерттеулерде маңызды рөл атқарады. Оларды ерекшелi фенотиптiк 
маркерлерi бар жасушаларды iрiктеуде; әр жасушалар бетiндегi 
молекулалардың 
қызметтерiн 
анықтауда; 
антигендердiң 
күрделi 
қоспаларын талдауда; әр даму кезеңдегi, сонымен қатар, эмбриогенездегі 
жасушалардың 
антигендiк 
құрамын 
талдауда 
және 
тағы 
басқа 
зерттеулерде пайдаланады. 
Кейбір жағдайда, моноклонды антиденелер қолдануы – бірқатар 
ғылыми проблемаларды шешудің бір ғана тәсілі болып келеді. Мысалы, 
осы техниканы пайдаланып, идиотиптер (антиденелердің активті 
орталығының антигендік детерминанталары) және иммундық жауаптың 
идиотиптік реттелуі туралы ілім дамыған.
Клиникада моноклонды антиденелер адамның иммундық статусын 
бағалауында, 
лимфоциттердiң 
субпопуляцияларын 
iрiктеуінде 
кең 
қолданылады. Белгілі бір антигендерге моноклонды антиденелер адамдағы 
жедел 
лейкоздың 
түрiн 
дифференциялауында 
қолданылады. 
Iсiк 
метастаздарын 
анықтауда, 
жасушалық 
улармен 
конъюгацияланған 
иммунотоксин ретiнде қатерлi iсiктердiң бiрнеше түрiнде арнайы емдеуде 
қолданылады. Бұл көптеген қатерлі ісікті емдеуге арналған емде 
қолданады. Fc-үзіндісі жоқ мутантты МКА in vitro жағдайында дәрілік 
заттардың зарарсыздандыруында қолданады. Мысалы, дигоксин немесе 
басқа дәрілік препараттармен уланғанда. 
Қазіргі кезде гендік инженерия жетістіктері жаңа, гуманизацияланған 
моноклонды антиденелер дайындауға мүмкіндік береді. Олар адамның 
әртүрлі патологиялық жағдайларында иммунды емде қолданатын жаңа 
арнайы дәрілік препараттарды дайындауында өте перспективті. Оларды 
тышқандардың моноклонды антиденелерінің V-гендері мен адамдардың 
иммуноглобулиндерінің 
керекті 
изотиптік 
С-гендерімен 
қосып, 
дайындайды; ол гибридттік антиденелердің арнайылығы тышқанның, ал 
антигендік қасиеті – негізі адамның гендерімен анықталады.
Моноклонды антиденелер қазіргі кезде зерттеу, диагностикалау және 
емдеу мақсаттармен кең пайдалануда және оларды эксперименталды және 
клиникалық медицинада қолдану аймақтары үнемi әлде де кеңейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет