Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет71/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

пропердин 
жүйесінің 
нәруыздарының 
қатысуымен жүреді.
С3 компоненті активтену үшін құрылысы бойынша 
Т-тәуелсіз 
антигендерге жақын антигендер
қатысуы керек. Көбіне альтернативті 
жолмен активтенуді табиғаты бойынша бактериалды заттар, ең біріншіден, 
бактериалды
полисахаридтер 
мен 
липополисахаридтер

сондай-ақ 
бактериалды эндотоксиндер мен құрылымы бойынша полианионды басқа 
да жоғары молекулалы заттар шақырады.
Өте 
аз 
жағдайда 
альтернативті 
жолмен 
активтену 
иммуноглобулиндердің полимерлі агрегаттарының 
(IgА и IgG) және 
агрегацияланған иммундық кешендердің 
қатысуымен жүруі мүмкін.
 
Сонымен қатар, альтернативті жолмен активтену кейбір патологиялық 
үрдістер кезінде, әртүрлі ферменттердің әсерінен С3 компонентінің 
активтенуі және ыдырауы мүмкін. Әсіресе, 
зақымдалған тіндердің 
протеазалары 
мен 
бактериалды 
протеазалар 
С3 
компонентінің 
активтенуін шақыруы ықтимал.
Сонымен, 
альтернативті 
жолмен 
активтену 
кезінде 
С3 
компонентінің антигенмен тікелей байланысуы басты орын алады.
С3 
компонентінің активтенуі магний мен кальций иондарының және 
пропердин жүйесінің В, D және Р факторларының қатысуымен жүзеге 
асады. 
Пропердин жүйесі – нәруыздар тобы, оларды әріптермен белгілейді: 
D мен В - факторлар, ал Р – пропердин нәруызы. D факторы қан 
сарысуында белсенді фермент түрінде кездеседі, ал В факторы (ол 
құрылысы және қызметі бойынша С2 нәруызына ұқсас) субстрат болып 
табылады. D факторы табиғи В факторына протеолиздік әсер ете алмайды, 
оның әсері В факторы С3b фрагментімен байланысқан жағдайда ғана 
жүзеге асады.
Комплемент жүйесінің барлық нәруыздары ішінде қан сарысуында 
қонцентрация жоғарысы – С3 компоненті. Оның қалыпты жағдайдағы 
концентрациясы 1,2 мг/мл құрайды. 
Қан сарысуында аз мөлшерде С3 компонентінің спонтанды ыдырауы 
нәтижесінде түзілген С3а мен С3b фрагменттері үнемі болады.
C3b 
бактерия 
қабырғаларының 
полисахаридтері 
және 
липополисахаридтерімен 
ковалентті 
түрде 
байланысады. 
Микроб 
жасушасымен байланысқан С3b фрагменті В факторын қосып алады, 
нәтижесінде соңғысы D факторының әсерінен ыдырайды. Осының 
салдарынан 
С3bВ кешені түзіледі, оны С3-проактиватор
деп атайды және 
ол біріншіден, сақиналы кері байланыс механизмі арқылы жаңа С3 
молекуласынын активтейді, ал екіншіден, пропердинмен тұрақтанғаннан 
кейін 
С3bВР кешенін
түзеді. Ол кешен С5-конвертаза болып табылады
яғни ол 
С5 компонентінің активтенуі және ыдырауын шақырады,
одан 
кейін серпіліске комплемент жүйесінің терминалды компоненттері 
қосылады (классикалық жолға ұқсас).
Айтылған серпілістер, негізінен
С3bИНА
бақылауында болады. 
Аталған тежегіштің жетіспеушілігі кезінде серпілістің бақылаусыз 
ұлғаюы басталады,
себебі С3 компонетінің жаңа молекулалары С3b 


70 
фрагментіне дейін ыдырайды және ол пропердин жүйесімен байланысады. 
Түзілген C3bВР кешендері С5 компонентінің ыдырауын ынталандырады. 
Ал оның салдарынан, жасуша мембранасын зақымдайтын С5-9 
кешендерінің қалыптасуына ықпал ететін С5b фрагменттері, сонымен 
қатар анафилактикалық және хемотаксистік әсерлері бар С5а фрагменттер 
түзіледі.
11-ші суретте комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтену 
тәртібі көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет