Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


цитофилді иммуноглобулиндердiң, ең алдымен IgE, шамадан тыс



Pdf көрінісі
бет206/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

цитофилді иммуноглобулиндердiң, ең алдымен IgE, шамадан тыс 
артық өндiретiн генетикалық қабiлеттi
түсiнедi.
Ағзаға аллерген қай жолмен түссе де атопиялық аллергиялық 
серпiлiстер дамитыны 
анықталған.
 
Атопияның 
клиникалық 
мысалдарына:
атопиялық 
(немесе 
жұқпалы емес аллергиялық) бронх демiкпесi, есекжем және басқа да 
атопиялық 
дерматиттер, 
Квинке 
iсiнуi, 
поллиноздар, 
атопиялық 
энтериттер, риниттер мен конъюнктивиттер жатады. 
Атопияға 
айқын 
тұқымқуалауға 
бейiмдiлiк 
тән 
екендiгi 
дәлелденген. 
Егер аллергиямен ата-анасының екеуi де ауырса, балалары 
50% жағдайда аллергиямен ауруы мүмкiн, ал егер ата-анасының тек 


214 
бiреуiнде ғана болса мүмкiндiк шамамен 30% болатыны анықталған. 
Отбасылар мен егiздердi тексеру жұмыстары, IgE жалпы деңгейi ағзада 
генетикалық факторлармен анықталатынын айқын көрсетiп отыр. IgE-нiң 
түзiлуi Тх2 және оның бөлетiн цитокиндерiмен тудыратындығынан, 5-шi 
хромосомада орналасқан ИЛ-4, ИЛ-5, ИЛ-10 гендер тобы (кластер) 
аймағындағы генетикалық маркерлерiмен, IgE жалпы деңгейi және
атопиямен ауыратын науқастардағы арнайы IgE мөлшерiмен байланыс 
болу керек. Бiрнеше зерттеулерде бұл байланыстың болуы анықталған. 
IgE-нiң шамадан тыс артық мөлшерi HLA жүйесiнiң белгiлi бiр 
антигендерiмен байланысы бар екендiгi анықталды. Мысалы, 90%-дан 
астам амброзия аллергенiне IgE деңгейiнiң көп түзiлуiмен жауап 
қайтаратындар HLA-Dw2 антигендерi бар адамдар. Полиаллергиясы бар 
науқастарда HLA-В8 және HLA-Dw3 антигенi жиi кездесетiнi көрсетiлген, 
әсiресе HLA-В8 антигенi бар адамдарда жалпы және арнайы IgE деңгейi 
жоғары болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет