Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет203/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

серпілістің жедел 
және баяу түрi.


212 
Жоғары сезiмталдықтың жедел түрiне арнайы аллерген науқас 
ағзасына екінші қайтара түскен соң 15-20 минуттан кейiн дамитын 
терiлiк, 
жүйелiк (тыныстық, ас-қорытулық және т.б.) аллергиялық 
серпiлiстер жатады. Аллергиялық серпiлiстiң жедел түрi терiнiң күлдiреуi, 
бронхоспазм, iшек-қарын жолының бұзылыстары мен және т.б. түрде 
көрiнедi. Жедел түрдi серпiлiске анафилаксиялық шок, аллергиялық 
есекжем, сарысулық ауру, бронх демiкпесiнiң жұқпалы-емес аллергиялық 
түрi, Квинке iсiнуi, жедел аллергиялық гломерулонефрит жатады. Кейiнгi 
кездегi тәжiрибелiк зерттеулерi дәлелдегендей жоғары сезiмталдықтың 
жедел түрiнiң дамуы патогенезiнде антиденелер негiзгi орын алады, 
сондықтан жоғары сезiмталдықтың бұл түрiн тағы 
В-тәуелдi аллергия деп 
те атаған.
Жоғары сезiмталдықтың баяу түрiне аллергенмен қайта 
кездескеннен соң бiрнеше сағаттан немесе тәулiктен кейiн дамитын 
аллергиялық серпiлiстер
жатады.
Бұл серпiлiстер туберкулез, қырылдауық, садын кездерiнде дамиды
олар гемолитикалық стрептококктардың, пневмококктардың, вакцина 
вирустарының әсерлерiнен дамиды.
Аллергиялық серпiлiстiң баяу түрi терiнiң мүйiздi қабатын 
зақымдануы 
сияқты 
түрлi 
жұқпалы 
аурулар 
(стрептококкты, 
пневмококкты, 
туберкулез) 
кездерiнде 
байқалады. 
Аллергиялық 
энцефаломиелит кезiндегi жүйке тiндерінің зақымдануы да БЖС серпілісі 
бойынша дамиды. Баяу жоғары сезiмталдық өсiмдiктектес және
өндiрiстiк, дәрiлiк аллергендерге байқалады. Олар терi химиялық 
заттармен жанасқанда пайда болады – оларды жанасулық дерматит деп 
атайды. БЖС серпiлiсi патогенезiнiң негiзi Т-лимфоцит және макрофагтың 
қатысуымен жүргентiндiктен, бұл серпiлiс түрiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет