Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет226/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Бiрiншi 4 сағат iшiнде
мұнда 
нейтрофилдер жиналады

кейiн 12 сағаттан соң оларды моноциттер және Т-лимфоциттер 
алмастырады. 
Осы жасушалармен бөлiнген цитокиндер тiндерде қабынуды 
туындатады; пайда болған инфильтрат жайылып, терiнiң коллаген 
талшықтарын бұзып, 
48-72 сағаттан соң жоғарғы өлшемге
дейiн жетедi. 
Осы инфильтраттың 80-90%-ға жақын жасушалары моноциттерден 
тұрады. Лимфоциттер iшiндегi CD4+ Т-жасуша саны CD8+ Т-
жасушалардың санынан екi есе көп. 48-96 сағаттан кейiн лимфоциттiк-
моноциттiк 
инфильтраттың 
моноциттерi 
мен 
жауып 
тұрған 
кератиноциттер ПГЕ-2 түзе бастайды; ол ИЛ-1 мен ИЛ-2-ң өндiрiлуiн 
және Тх1-ң қызметiн тежейдi.


227 
Туберкулин екпесiмен шақырылған 
қабыну 5-7 тәулiктен соң 
басылады. 
Сөйтiп, антигендi сыртқа шығарғанда қабыну ошағы 
жиырылады. Бiрақ, тiндегi антиген персистенцияға ұшыраған кезiнде
қабыну серпiлiсi гранулематоздық серпiлiске дейiн дамиды. 
Гранулематозды серпiлiс
жоғары сезiмталдықтың IV түрiнiң 
серпiлiстерiнде өте мәндi клиникалық көрiнiсi болып табылады. Әдетте, 
бұл серпiлiстер 
макрофагтарда микроағзалардың және макрофагтар 
жоя алмаған басқа бөлiктердiң жасушаiшiлiк персистенциясында
дамиды. Ошаққа Тх1-ң шоғырлануы нәтижесiнде және олардың бөлетiн - 
қоршаған 
тiндердiң 
жасушаларының 
пролиферациясын 
сергiтетiн 
цитокиндерiнiң әсерiнен эпителийлік-жасушалық гранулема қалыптасады.
Гранулема қалыптасуы цирконий және бериллийге сезiмталдығы 
жоғары 
болғанда 
байқалады. 
Цирконий 
және 
бериллий 
әсерлi 
гранулемалардағы макрофагтардың цитоплазмасында осы металлдардың 
бөлiктерi табылады.
Гранулематозды 
қабыну 
кезiнде 
белсендiрiлген 
макрофагтар 
цитокиндермен созылмалы ынталану нәтижесiнде өлшемi үлкейiп, 
эпителий жасушаларға айналады. Бұл жасушалар қосылып гранулемаға 
тән, көп ядролы үлкен жасушаларға айналады. 
Гранулеманың ядросы макрофаг пен эпителий жасушаларынан 
тұрады, ол лимфоциттер мен фибробласттар аймағымен қоршалады. Кейде 
коллагеннiң көп түзiлуiнен айқын фиброз байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет