Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Тх1, макрофагтар және мес жасушалары



Pdf көрінісі
бет225/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Тх1, макрофагтар және мес жасушалары 
келе бастайды.


226 
Макрофагтар мен Тх1
серпiлiс ошағында 
бiрқатар қабыну алды 
цитокиндердi
(ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8, TNF-

, ФУМ және т.б.) бөледi, олар 
болса терiнiң қабынуын шақырады. Жинақталатын жасушалардың саны 
жоғары шекке 48-72 сағаттан соң жетедi, бұл кезде қабыну серпiлiсi да 
жоғары деңгейде болады.
Содан соң серпіліс өшедi, 
ИЛ-1 және ИЛ-2-ң өндiрiлуiн тежейтiн 
терiнiң макрофагтары мен кератиноциттерi простагландин Е-нi бөле 
бастайды.
Терiнiң мес жасушалары
GTF-

-
ны өндiре бастайды, ол қабынуды 
тежейдi, ИЛ-1 және ИЛ-2 пролиферациялық әсерлерi тежеледi. Мес 
жасушаларымен өндiрiлетiн 
ИЛ-10
макрофагтардағы және Лангерганс 
жасушаларындағы МНС II клас молекулаларының экспрессиясын 
әлсiретедi, ол жасушалармен Тх1-дiң цитокиндерiнiң өндiрiлуiн тежейдi. 
ИЛ-10 тағы Тх1-ң дамуын және антигенге арнайылық пролиферациясын 
тежейдi. МНС II клас молекулаларын әсерлейтiн 
кератиноциттер,
қосымша сергiтетiн молекулалар болмағанда, антигенді таныстырушы 
жасушалар қызмет атқара алмайды, бiрақ Тх1 клондық анергиясын 
тудыратын антигендiк эпитопты экспрессиялай алады.
Содан серпiлiс өшiп, барлық клиникалық қабыну белгiлерi бiрте-
бiрте басылады. 
Туберкулиндiк сынама.
Алғаш рет Кох ашқан болатын. Оның 
көрсеткешi бойынша, туберкулез микобактериясының өсiндi сүзiндiсiн 
терi астына ексе, науқастың температурасы жоғарылап, жалпы ауру 
жағдайы дамиды. Екпе жасаған жерде iсiк пен қатаю пайда болады. Терiлiк 
туберкулиндiк сынама туберкулез қоздырғышына сезiмталдық көтерiлу 
деңгейiн анықтауға көмектеседi.
Сезiмталдығы көтерiлген адамдарға туберкулиндiк терi iшiне 
енгiзгенде, салған жерге Тх1 жиналады, олар белсенiп, моноцит-
макрофагтартарды белсендiретiн ортақ цитокиндердi өндiре бастайды.
Тх1 бөлiнген TNF-

және TNF-

терi тамырының эндотелийiне әсер 
етiп, олардағы адгезия молекулаларының (Е-селектин, ICAM-1 және 
VCAM-1) күшті әсерленуiн шақырады. Бұл молекулалар лейкоциттердiң 
беттерiндегi рецепторлармен байланысып, оларды серпiлiс ошағына 
шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет